Nana (жапон. ナナ) - Cookie журналдағы «Shueisha» баспасында жазылған Ай Ядзаваның дзёсэй-мангасы.[1] Анименің шығуының алдында екі фильм шыққан болатын. Біріншісі - 2005 ж. 3 қыркүйекте, ал екіншісі - 2006 ж. 9 желтоқсанда. Бірінші фильмде негізгі кейіпкерлерді Мика Накасима (Нана Осаки) және Аой Миядзаки (Нана Комацу) ойнаған, бірақ екінші фильмде Аой Миядзаки орнында Юи Итикава ойнаған.

жапон. ナナ (катакана)
NANA (ромадзи)
Нана (киридзи)

Манганың бірінші тарауы 2000 ж. 15 мамырда жарық көрген. 10 жыл ішінде 21 том шыққан. 2009 ж. маусымда Ай Ядзаваның қатты ауырғаны және емделуге жібергені белгілі бопты. Бір жыл өткен соң, оның аураханадан шыққаны белгілі болған. Дегенмен, қазіргі кезде оның «Nana» жұмысымен айналасуының жалғасы қашан болатыны белгісіз.

Манганы «Madhouse» студиясы беймдеді. Транслациясы 2006 ж. 5 сәуірде басталып, 2007 ж. 29 наурызда біткен. Жапонияда NTV каналында көрсеткен. Анимеде манганың 42 тарауы экранизацияланған. Анимеде 47 серия (+3 спешл) бар. Әрбір серия 25 минуттан.[2]

Сюжет

өңдеу

Токио қаласына бара жатқан поезде, Нана Комацу Нана Осакині кездескен болатын. Нана Комацу өзінің махаббатын (Сёдзині) көру үшін, ал Нана Осаки әнші болу арманын орындау үшін Жапонияның астанасына сапар шеккен. Нана Осакиде өз панк-тобы «Blast» болған. Оның жалғыз арманы - әлемге және өзінің сүйіктігіне (Рэн, әйгілі «Trapnest» тобының гитаристі) өз дербестігін және жеткен табысты көрсету. Бірдей аты бар екі әйел бір-бірімен тез достасады, бірақ олардың мінездері әр-түрлі болып келеді. Олар Токио қаласына келгенде, Нана Комацу Сёдзині көреді де, байқамай Нанадан айырылады.Дегенмен, екеуі пәтерді сатып алған кезде қайттан кездеседі. Нана Комацу мен Нана Осаки осы пәтерді сатып алғысы келгендіктен, екеуі бір шешімге келеді. Бұл шешім - пәтерде бірге тұру. Осылай екі бірдей атқа ие болған әйелдердің оқиғасы басталады.

Кейіпкерлер

өңдеу
 
Нана Коматсу

Нана(Хатико) Комацу (жапон. 小松奈々)

өңдеу

Нана Комацу - бір көргеннен кейін махаббат сезіміне түсе алатын аңқау жас әйел. Оның алаңсыздығынан және итке ұқсап аяқ астында жүргендіктен, Нана Осаки оны Хатико (Жапонияда иттің қарапайым аты, "сегіз" дегенді білдіреді, ал Hана "жетіні" білдіреді) деп атаған. Нобу мен Нана Осакинің әнін естігенде «Black Stones» тобының және Нананың адал фанаты бопты. Сонымен қатар, ол Нана Осакинің ең жақын досы, әрі көршісі. Кейбір кездерде Нана Комацу өз өзіңді түсінбейді, себебі ол өзіне не керектігін білмейді. Дегенмен, оқиғаның соңында «Trapnest» тобындағы Такумиге тұрмысқа шығады да, Сацуки қызын дүниеге әкеледі, бірақ бала туралы Нана Нобумен ғашық сезімінде болғанда ғана біліп қояды. Сондықтан, Нана бұл баланың шың әкесі кім екенін білмеген. Соңғы серияда, Сацуки туғанда, Нана оның әкесі Такуми екенін түсінеді.

Сэйю: Мидори Кавана (жапон. 川菜翠)

Нана Осаки (жапон. 大崎ナナ)

өңдеу
 
Нана Осаки

«Black Stones» панк-тобының әншісі. Токио қаласына әнші болу үшін және барлық адамдарға және өзіне неге дейін жете алатынын көрсету үшін келеді. «Trapnest» тобының гитаристі - Рэнге ғашық болады. Арманы - «Black Stones» тобын әлемге таңыту. Ол дербес, тәуелсіз және мықты мінезді болып көргенімен, оның жаны нәзік. Нана Хатикомен бауырлас қарым қатынаста, бірақ оған Такуми мүлдем ұнамайды. Оның иығында лотос суреті (татуировка) "Рэн" дегенді білдіреді. Бұны Рэнмен махаббат сезімінде болғанда жасаған болатын.

Сэйю: Роми Паку (жапон. 朴路美), әні Анна Цутияның

Авторлық құрамы

өңдеу
  • Режиссёр: Морио Асака
  • Сценарий: Томоко Компару
  • Суретші: Томоюки Симидзу
  • Дизайн: Кунихико Хамада
  • Композитор: Томоки Хасэгава

Дереккөздер

өңдеу
  1. http://www.ntv.co.jp/nana/index.html
  2. http://anidb.net/perl-bin/animedb.pl?show=anime&aid=4143
  3. http://www.animenewsnetwork.com/encyclopedia/anime.php?id=6115