Алақан - дәстүрлі түсінікте кез келген заттың кеңейіп, жалпақтау келген бөлігінің атауы.

  1. Алқаның кейбір салпыншақтардың шынжырмен, топсамен байланысатын бөлек-бөлек күміс пластинка түріндегі негізгі болігі (толығырақ қ. Алқа).
  2. Қамшының сабы мен өрімінің түйіскен жеріндегі жалпақ қайысы, яғни өрімнің басы.
  3. Бұл айылдың ат төсі мен шабын орап түратын бөлігі. Оның бір басына айылбас, бір басына жырым бекітіледі. Ат денесін қажамау үшін алақан жұмсақ қайыстан немесе ызылған құрдан, сондай-ақ ірі қара терісінен тілінген таспадан оріліп жасалады. Ұшына айылбас (тоға) тағылады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2