Кәрі жілік (лат. radius — кәрі жілік) — шынтақ сүйекпен бірге білек қаңқасын құрайды. Кәрі жілік ұзынша келген денеден (диафиз), жоғарғы және төменгі жілік бастарынан (эпифиз) тұрады.

Кәрі жілік
Латын тілі Os radius

Кәрі жіліктің жоғарғы эпифизі шынтақ сүйек және тоқпан жілік бастарымен бірігіп, шынтақ буынын, ал төменгі эпифизі тізе (адамда — білезік) сүйектері және алдыңғы жіліншік (адамда — алақан) бастарымен бірігіп, тізе (адамда — білезік) буынын құрайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9