Вегетативтік (вегетативный); (лат. vegetativusөсімдік, өсімдікке тән) — өсімдік организміне тән зат алмасу мен көбею қызметтерін атқаратын адам мен жануарлар организмдеріндегі жасуша бөліктеріне, мүшелерге немесе мүшелер жүйелеріне байланысты қолданылатын атау.

Мысалы, жүмыртқа жасушаларының сарыуызы көп жиналған төменгі полюсін вегетативтік полюс деп атайды. Сол сияқты, адам мен жануарлар организмдеріндегі зат алмасу мен көбею қызметтерін атқаратын мүшелер жүйелерін жүйкелендіретін жүйке жүйесінің бөлімін вегетативті жүйке жүйесі дейді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9