Жарық жылыұзындықтың астрономияда қолданылатын жүйеден тыс бірлігі. Ғалымдар Әлемдегі қашықтықтарды жарық жылдарымен және парсектермен өлшенеді. Жарық ең үлкен жылдамдықты көрсететіндіктен, ғалымдар жарық жылдарын қолдана отырып, Әлемдегі ара - қашықтықтар туралы жақсы түсініктемелер алады. Жарық жыл - жарықтың 300000 км/с жылдамдықпен бір жыл ішінде жүріп өтетін қашықтығы. Ол 10 триллион км - ге жуық немесе 3,25 парсекке тең. Бізге тіпті планетамызға ең жақын орналасқан жұлдыздардың жарығы бірнеше жылдардан кейн де келеді. Ең жақын жұлдыз бізден төрт жарық жыл қашықтықта орналасқан, бұл - астрономдар оған телескоп арқылы қарағанда, шындығында да, оның өткен шағын, яғни төрт жыл бұрынғы жұлдызын көреді деген сөз. Ең қашық орналасқан галактикалардың жарықтары Жерге 10 000 миллион жылда жетеді.

1 Жарық жылы жарықтың 1 жылда жүріп өтетін қашықтығына тең:

1 Жарық жылы = 0,3068 парсек = 9,46051015 м[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"