Жеңгетуыстық атау; ағаның әйелі. Бірге туған бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Қазақ халқының дәстүрінде жақын болмаса да, өзінен үлкеннің әйелін жеңге деп атай береді. Кейде жеңгенің қайны, қайынсіңлілерінен жасы кіші болуы да мүмкін. Жасы үлкендер үшін келін, кішілері үшін “ жеңге” аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім-тәрбие үшін орны ерекше. Ол, әсіресе, өзінен кіші қайнылары мен қайынсіңлілері үшін әзіл-қалжыңы араласа жүретін сүйкімді де сыйлы адам. Жеңге дастарқан басында бұлардан төмен отырады. Абысындардың кішісі үлкенін, жасы кіші, туыстығы жақын ер адамдар жеңгесін жеңеше деп атайды. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы,3 том