Синусит — бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы. Ол көбінесе құлаққа, тамаққа инфекция түсуден, қатты салқын тиюден болады.

Белгілері

өңдеу
  • Тіс сырқырап ауырады.
  • Көздің асты мен үстіңгі бөлігінің ауыруы (бет сүйегін, соққанда немесе еңкейгенде ауыру күшейе түседі).
  • Мұрыннан қою сілекей және ірің ағады, жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
  • Мұрын жиі бітеді.
  • Кейде ыстық көтеріледі.

Емдеу жолдары

өңдеу
  • Суды көбірек ішіңіз.
  • Мұрын арқылы аздап тұзды су сорыңыз немесе бумен дем алыңыз.
  • Бетке ыстық компресс қойыңыз.
  • Мұрынға фенолефрин түріндегі деконгестанттар тамызыңыз.
  • Антибиотиктер қабылдаңыз: тетрациклин , ампициллин немесе пенициллин.
  • Егер жағдай жақсармаса, дәрігерге барыңыз.

Алдын алу

өңдеу

Салқын тиген және мұрын біткен кезде мұрынды тазартыңыз.

Дереккөздер

өңдеу
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!