Сілтілерсілтілік, сілтілік-жер металдардың және аммонийдің гидроксидтері. Сілтілерге суда жақсы еритін негіздер жатады. Электролиттік диссоциация кезінде сілтілер OH анионын және метал катионын түзеді.

Сілтілерге мыналар жатады: Периодтық жүйенің Iа және IIа топшаларындағы (кальцийден бастап) металдардың гидроксидтері, мысалы, NaOH (күйдіргіш натр), KOH (күйдіргіш кали), Ba(OH)2 (күйдіргіш барит).

Физикалық қасиеттері

өңдеу

Сілтілік металдардың гидроксидтері (күйдіргіш сілтілер) өз алдына бөлек қатты, ақ түсті, ылғал тартқыш заттар болып келеді. Сілтілер — суда жақсы еритін, күшті негіздер, олардың суда еру реакциясы әжептәуір жылу бөлінумен өтеді. Сілтінің күштілігі мен суда ерігіштігі периодтық жүйенің әрбір тобындағы катионның радиусы неғұрлым көбейсе, соғұрлым арта түседі. Ең күшті негіздер — Ia тобында цезий гидроксиді және IIa тобында радий гидроксиді. Бұдан басқа, күйдіргіш сілтілер этанол және метанолда ериді.

Химиялық қасиеттері

өңдеу

Қатты күйінде барлық сілтілер H2O-ны ауадан сіңіріп алады, және де CO2-ні де (сондай-ақ ерітінді күйінде) ауадан сіңіріп алады (біртіндеп карбонаттарға айнала отыра). Сілтілер өндірісте кең қолданылады. Сілтілердің маңызды химиялық қасиеті — қышқылдармен реакция кезінде тұздар түзе алуы.

Реакция мысалдары:

NaOH + HClNaCl + H2O

Алынуы

өңдеу

Сілтілік металдардың хлоридтерін электролиздеу арқылы немесе сілтілік металдардың оксидтеріне сумен әсер ету арқылы алады.