Фриз (франц. frіse, итал. fregіo — өрнек) —

  1. архитектуралық ордерлерде архитрав пен карниздің аралығындағы антаблементтің орталық көлбеу жатқан бөлігі. Дорилік ордерде ол триглиф және метопқа бөлінеді, ал ионилік және коринфтік ордерлерде тұтас бедер немесе жолақ күйінде болады.
  2. Еден, қабырға немесе кілем жиегіне нақыш беру үшін тартылатын жолақ өрнек. Киіз үйдің басқұры кереге басын құрсаулап тұруымен қатар фриз рөлін атқарады.
Пергам алтарьдің фризі

[1] [2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том