Хризоколла(грек. сhrysos — алтын, kolla — желім; ерте кездерде алтыннан жасалған заттарды дәнекерлеу үшін қолданылған) — силикаттар класының монтмориллонит тобына жататын минерал.[4] Химиялық формуласы: CuSіO3nH2O, құрамындағы: CuO — 45,2%, қоспалары: Al, Ca, Mg, Fe, Ph, Zn, P. Ромбылық сингонияда кристалданады, кристалдары ине тәрізді, өте ұсақ болып келеді. Минералдық агрегаттары жасырын кристалды, бүйрек, топырақ тәрізді масса түзеді. Түсі көгілдір, көгілдір жасыл, көк қоңыр, қара, қатты Моос шкаласы бойынша 2 — 4, тығызд. 2,0 — 2,3 грамм/куб сантиметр. Ыстық, құрғақ климат жағдайында мыс кендерінің тотығу белдемінде түзіледі. Қазақстанда Жезқазған, Алтай кендерінде кездеседі. Хризоколладан мыс алынады және зергерлік істе қолданылады.[5]

Chrysocolla

Chrysocolla from Australia
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы (Cu,Al)2H2Si2O5(OH)4·nH2O
Strunz classification 9.ED.20
Unit cell a = 5.7 Å, b = 8.9 Å, c = 6.7 Å
Ерекшеліктері
Түсі Blue, blue-green, green
Кристал пішіні Massive, nodular, botryoidal
Сингониясы Orthorhombic
Үгітіндісі none
Агреттары Irregular/uneven, sub-conchoidal
Беріктігі Brittle to sectile
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 2.5 - 3.5
Streak white to a blue-green color
Diaphaneity Translucent to opaque
Үлес салмағы 1.9 - 2.4
Оптикалық сипаты Biaxial (-)
Refractive index nα = 1.575 - 1.585 nβ = 1.597 nγ = 1.598 - 1.635
Birefringence δ = 0.023 - 0.050
Дереккөздер [1][2][3]
Хризоколла


Пайдаланған әдебиет

өңдеу
  1. Handbook of Mineralogy
  2. Mindat
  3. Webmineral data
  4. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2