Чикаго әлеуметтану мектебі

Чикаго әлеуметтану мектебі — ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дәурендеген әлеуметтану ағымы болып, негізінен АҚШ-тың Чикаго университетінің Роберт Парк (Robert Ezra Park), Эрнст Берджесс (Ernest Burgess) және басқалары құрған қала әлеуметтануы (urban sociology) мектебі. Олар әсіресе криминологияға сандық анализ әдіснамасын қолданып қала және қала маңы жастарының қылмыс өткізуі құбылыстарына нақты зерттеу жүргізді. Осы себепті ХХ ғасырдың алдыңғы жартысында Чикаго қаласы криминологиялық әлеуметтануды зерттеудің орталығына айналды.

Қоғамдық байланыс диаграммасы. Бұл кесте 165 түйін мен 1851 жалғаудан тұрады.

Басты өкілдері

өңдеу

Чикаго мектебінің негізгі өкілдері Нелс Андерсон (Nels Anderson), Эрнст Берджесс (Ernest Burgess), Рут Шонл Кэйван (Ruth Shonle Cavan), Франклин Фрэйзир (E. Franklin Frazier), Эверет Хьюз (Everett Hughes), Родерик Макензи (Roderick D. McKenzie), Джордж Герберт Мид, Роберт Парк (Robert E. Park), Вальтер Реклис (Walter C. Reckless), Эдвин Сатерленд, Уильям Томас, Фредерик Зрашер (Frederic Thrasher), Луис Вирт, Флориан Витольд Знанецкий қатарлылар.

Мектептің қалыптасуы

өңдеу

1892 жылы АҚШ әлеуметтанушысы Альбион Смолл (Albion Small) Чикаго университетінде әлемдегі тұңғыш әлеуметтану факультетін ашып, алғашқы әлеуметтану магистранттарын тәрбиелейді. Смолл сондай-ақ Дж.Е. Винсентпен бірлесіп тұңғыш әлеуметтану оқулығы «Қоғамды зерттеу негізін» жазады (1894). Ол және 1895 жылы АҚШ-тағы тұңғыш әлеуметтану жуналы "Американ Әлеуметтану журналын" (American Journal of Sociology,AJS) шығарады. Әлеуметтану факультеті құрылған соң А.Смолл сол кездегі әлеуметтанушылар Дж.Винсент, У.И.Томас (W.I.Thomas), Р.Парк (Robert Park), Е.Берджесс қатарлы кісілерді жұмысқа тартып, аталған факульеттің білікті оқытушылар қосынын қалыптастырады. ХХ ғасырдың 20 жылдарына келгенде Р.Прак қатарлы адамдардың белсенді жұмысымен аталған факультет кемелденіп, жылына 200 ден артық зерттеуші магистрантты, 300 ден артық студентті қабылдайтын үлкен білім ордасына айналады. Олар сондай-ақ 40 шақты пәннен дәріс беріп, АҚШ -та ғана емес, әлемдегі ең әйгілі әлеуметтану факультетіне айналады. Осы негізде әлемге әйгілі Чикаго әлеуметтану мектебі қалыптасады.

Чикаго университетінде әлемдегі ең алғашқы әлеуметтану факультеті ашылуы мәлім мағынада тосын оқиға есептеледі. 1890 жылы "ұрылар патшасы" деп те, "мейірбан жәрдемші" деп те бағаланған мұнай алпауыты Джон Дэвисон Рокфеллер (John Davison Rockefeller) өзін шоқындырған шіркеудің ұсынысымен Нью-Йорктен қалса екінші үлкен АҚШ қаласы Чикагода университет ашуға мол ақша бөледі. William R. Harper (У.Харпер) деп аталатын Йель университетінің Иврит тілі профессоры діни белсенділігіне орай осы жаңадан құрылған Чикаго университетінің ректоры болып тағайындалады. Дегемен ол кезде У.Харпердің миында әлеуметтану пәніне арнап бірдеңе ашу жоспары болмаған көрінеді. Бірақ ол жұмысқа шақырған 13 профессордың ішінде бір әлеуметтанушы болған екен. Ол дәл осы Альбион Смолл (Albion W. Small, 1854-1926) еді.

Әрине, Чикаго мектебі тек әлеуметтану саласымен шектелмейді. Әйгілілері:

  • Чикаго әлеуметтану мектебі,
  • Чикаго экономика мектебі,
  • Чикаго Сәулет (architecture) мектебі,
  • Чикаго әдеби сын (literary criticism) мектебі,
  • Чикаго математикалық анализ (mathematical analysis) мектебі,
  • Чикаго кәсіптік психология (Professional Psychology) мектебі қатарлылар.

Ғылыми жетістіктері

өңдеу

АҚШ қоғамында ол кезде үстем орында прагматизм философиясы болатын. Соның ықпалында Чикаго мектебі жаңадан қалыптасып, өркендеу жолына түскен Чикаго қаласының түрлі әлеуметтік мәселелеріне нақты зерттеулер жасаумен шұғылданды. Бұл оның тәжірибеге (практика) мән беретін, нақты әлеуметтік мәселелерді (көбінесе қала, қылмыс, жастар мәселесі) шешуге ат салысу дәстүрін қалыптастырды.

Чикаго мектебі мәдени қоныстану, көршілік байланыс, халық саны, нәсіл, қылмыс, кедей тұрғындар қатарлы мәселелерді нақты деректермен зерделеп, қала әлеуметтануының үлгісін жасады. Уильям Томас пен Флориан Знанецкий бірлесіп жазған «Еуропа мен АҚШ қоғамындағы Полша диқандары» (1918~1920) аталған ағымның өкілдік шығармасы есептеледі. Әсіресе Р.Парк қатарлылар жазған «Қала — қала ортасын зерттеу жобасы» (1925), «Қаладағы шағынаудандар» (1926), Берджесс жазған «Отбасы — өзара әсер ететін даралықтардың бірбүтіндігі» (1926), Луис Вирт жазған «Қала өмірі өзінше бір тұрмыс тәсілі» (1938), Фредерик Зрашер жазған «Топтар» (1927) қатарлылар АҚШ әлеуметтануының дамуына терең ықпал жасады.

30 жылдарда Гарвард университеті және Колумбия университеті қатарлылар өздерінің дербес әлеуметтану зерттеу орталықтарын құрды. 1935 жылы АҚШ әлеуметтану одағы «АҚШ әлеуметтануын бағалау» атты журнал шығарды, бұл Чикаго университетінің ықпалы әлсірей бастағанын көрсетті. Бірақ бәрібір ол кейінгі әлеуметтанушылар үшін әлеуметтану ғылымының қасиетті мекені ретінде ерекше аталады.

Дегенмен, 1940 жылдардан кейін әсіресе Джордж Мид дамытқан Символды өзара әсер теориясы арқылы Чикаго университетінің әлеуметтану факультетінде танымал әлеуметтанушылар топталлып, соғыстан кейінгі "Екінші Чикаго мектебін" (Second Chicago School) қалыптастырды.

Зерттеу әдіснамасы

өңдеу

Чикаго әлеуметтану мектебі экология (ecology) көзқарасымен қаланы зерттеп, көп санды кедей тұрғындар отбасы, мектеп қатарлы әлеуметтік ортада сәтсіздіктерге ұшырағандықтан, қоғамдық құрылымға қарата ренішті көңіл күйде болады деп есептеді. Бұл олардың қоғамдық бірбүтін ережеден ауытқып, отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік ұйымдардың жөнге салу күшін әлсіретіп, қылмыс пен ауытқуға толы орта қалыптасуына себеп болады.

Негізгі өкілдерінің теориялары

өңдеу
  • Джордж Герберт Мид — Символды өзара әсер теориясы (Symbolic Interaction Theory). Бұл теория балалардың дамуы мен балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуін айқын ажыратқандықтан, ол әлеуметтік психологияның, балалар психологиясының алғашқы маңызды теориясының бірі болды.
  • Қоғамдық нашар әсер теориясы. Нашар әлеуметтік орта қылмысқа жетелейтін негізгі себеп есептеледі. Қате қоғамдық мәдениет (мысалы қылмыскерді батыр көру секілділер) және адамгершілікке жат адамаралық байланыстардың жастарға әсері олардың даралық қасиеттеріне (жасына, жынысына, тегі мен нәсіліне) қарағанда зор болады.
  • Эдвин Сатерленд (Sutherland) 1924 жылы «Криминология. Алғашқы басылымы» кітабында ортаға қойған "өзгешелік қауымдастығы теориясы (Differential Association Theory). Мұнда Д.Г. Мидтің Символды өзара әсер теориясын басшылыққа алып адам баласы тәрбиесі дұрыс емес адамдармен байланысы себепті қылмысты әрекетке барды дегенді сипаттады.
  • Парк, Берджесс және Макензи 1925 жылы жариялаған Қала экологиясына қатысты кітабы. Олар Чикаго қаласын бақылап-зерттеу арқылы қала дамуында туылатын бес түрлі Концентрлік аймағы моделін (Concentric zone model) ұсынды. Олардың арасында дағадрысқа және күйреуге бірден алып баратын ауысым аймағы (Zone of transition) да бар.[1]

Бұл бес аймақ:

  1. Орталық сауда аймағы (CBD)
  2. Ауысым аймағы (Zone of transition):ол тұрғындар аймағы мен сауда аймағы арасында орналасқан.
  3. Жұмысшылар ғимараты аймағы (Working-class residential zone)
  4. Орта тап аймағы (Middle-class residential zone)
  5. Қала маңы аймағы(Commuter zone)қатарлылар.
  • McKay & Shaw қатарлылар 1942 жылы Эдвин Сатерлендтің теориясын жалғастырып, жастардың сорақылығы (juvenile delinqency) мәселесін зерттеп, жаман қылықтар мен мінездердің көбінің Ауысым аймағына тән екенін айқындады. Сондықтан олардың пікірінше, қылмыскер жастар басқаша адамдар емес, қайта сол жастардың ортасы басқаша, ал қылмыс болса басқаша (сорақы) ортадағы қалыпты аңыс деп түсіндірді.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Park, Robert Ezra; Burgess, Ernest W.; McKenzie, Roderick D. The City — Chicago: University of Chicago Press, 1925.
  2. Juvenile Delinquency in Urban Areas — 1st Ed.. — Chicago: University of Chicago Press, 1942. / 2nd Ed. 1969, ISBN 978-0226751276