Бристоль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Бристоль
Bristol
Әкімшілігі
Ел

 Ұлыбритания

Статусы

Қала

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°27′ с. е. 2°35′ б. б. / 51.450° с. е. 2.583° б. б. / 51.450; -2.583 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°27′ с. е. 2°35′ б. б. / 51.450° с. е. 2.583° б. б. / 51.450; -2.583 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

XI-XII ғасыр

Қала статусы

1257

Жер аумағы

110 км²

Орталығының биiктігі

11 м м

Уақыт белдеуі

UTC0, жазда UTC+1

Тұрғындары
Тұрғыны

416 400 адам адам (2007)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+44 117

Пошта индексі

BS

bristol.gov.uk

Бристоль картада
Бристоль
Бристоль

Бристоль (ағылш. Bristol) — Ұлыбританияның Оңтүстік-Батыс Англия аймағындағы орналасқан порт және графтық статусы бар қала. Эйвон өзенінің жағалауында орналасқан.

Географиясы және климат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аспалы көпір

Қаланың ауданы 110 км².Солтүстік батыс бөлігінде Бристоль шығанағы, солтүстігінде Глостершир графтығымен, ал оңтүстігінде Сомерсет графтықтарымен шектеседі. Қаланың көне бөлігі Эйвон өзенінің оң жағалауында орналасқан. Елдің астанасы Лондон қаласынан батысқа қарай 169 километр, ал Атлант мұхитынан 8 километр қашықтықта орналасқан.

Бристоль Ұлыбританияның ең жылы қалаларының бірі. Атлант мұхитының маңында орналасқандықтан қалаға теңіздік климат тән. Жазы ыстық та ылғалды - шілде айындағы орташа температура +21°C, қысы жылы, жұмсақ болып келеді - қаңтар айындағы орташа температура +2°C. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 741-ден 1 060 мм-ге дейін.[1]

2007 жыл бойынша қалада 416 400 адам тұрады. Орташа тығыздығы шамамен 3 500 адам/км². Greater Bristol атты қала агломерациясында шамамен 561 500 адам тұрады, бұған Бристоль қаласынан басқа Бат облыстары, Солтүстік-Шығыс Сомерсет, Солтүстік Сомерсет және Оңтүстік Глостершир графтықтары кіреді.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекеттің маңызды экономикалық, қаржы және өндіріс орталығы болып табылады. Қалада әлемдегі ірі компаниялар мен корпорациялардың штаб-пәтерлері орналасқан. Қаланың экономикадағы негізгі салалары - қаржы жүйесі, финанстық активтер және авиациялық өндіріс. BAC (Бристольдық авиациялық компания) әлемдік стандартқа сай ұшақтар мен двигательдерді өндіруде танымал болып келеді.

Қала панорамасы

Бауырлас қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бристоль (Bristol). Ағылышын энциклопедиясы: Англия қалалары