Сан-Франциско

Сан-Франциско (ағылш. San Francisco, қысқаша: Frisco) — АҚШ-тың Калифорния штатындағы қала. Қала өз атауын әйгілі католик Ассизи Францискінен алған.

Қала
Сан Франциско
San Francisco
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 АҚШ

Штат

Калифорния

Мэр

Эд Ли

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°46′00″ с. е. 122°26′00″ б. б. / 37.76667° с. е. 122.43333° б. б. / 37.76667; -122.43333 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°46′00″ с. е. 122°26′00″ б. б. / 37.76667° с. е. 122.43333° б. б. / 37.76667; -122.43333 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1776

Бұрынғы атаулары

Йерба-Буэна

Қала статусы

1850

Жер аумағы

122 км²

Орталығының биiктігі

16 м м

Уақыт белдеуі

UTC-8, жазда UTC-7

Тұрғындары
Тұрғыны

815 358 адам (2010)

Тығыздығы

6688 адам/ш.м. адам/км²

Этнохороним

санфранцисколық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+1 415

Пошта индекстері

94101-94112, 94114-94147, 94150-94170, 94172, 94175, 94177

sfgov.org  (ағыл.)

Сан Франциско картада
Сан Франциско
Сан Франциско
Сан Франциско картада
Сан Франциско
Сан Франциско

2010 жылы қала тұрғындар саны 815 358 болған. Бұл қала АҚШ-тағы тұрғындар саны бойынша 12-ші орын алып тұр. Жер аумағы — 600,6 шыршы шақырым, ал құрғақ жер аумағы 121,4 шаршы шақырым құрайды.

Қала Сан-Франциско түбегінде орналасқан.

1776 жылы испандар сол түбекте форт құрып, қаланың тарихын бастаған.

Сан-Франциско танымал туризм орталығы болып табылады. Ондағы ең әйгілі назар аударарлық орындар — Алтын қақпа көпірі, Алькатрас аралы және басқалары.

Отарлық кезге дейін

өңдеу

10 000-20 000 жыл бұрын Сан-Франциско түбегін үндістер мекендеген. Еуропалықтар келгенде, сол аймақта Олони (үндістер тілінде — "батыстағы халық") атты тайпаларын кездестірген. Олар сол түбекке біздің ғасырға дейін 8 000 жылы келген.

Отарлық кезі

өңдеу

Гаспар Де Портула бастаған Испан зерттеу тобы 1769 жылы 2 қараша күні Сан-Франциско шығанағына келіп, сол жерді Жаңа Испания аймағы деп жариялаған.

7 жыл өткесін сол жерге жаңа форт құрып, оны Әулие Франциск атауымен атаған.

1821 жылы жаңа тәуелсіз Мексика құрамына кірген.

1846 жылы қаланы келісім бойынша АҚШ-қа қайтарып, американ-мексикан соғысы аяқталды.

Алтын шығару

өңдеу

1848 жылы Калифорнияда алтын шығару басталып, соның нәтижесінде қала тұрғындар саны күрт өсті.

 
Сан-Франциско, 1855 жыл

1906 жылғы жер сілкінісі

өңдеу

1906 жылы 18 сәуір күні қалада жер сілкінісі болып, ол қаланың 80 пайызын жайғарған. Ресми ақпарат бойынша қаза тапқандар саны 3000 адам болған.

Сан-Францисконың 300 000 тұрғыны үйсіз қалған.

 
Жер сілкінісінен кейінгі Сан-Франциско, 1906 жыл

Хиппи

өңдеу

1960 жылдарының соңында Сан Франсиско хиппи қозғалысының орталығы болды.

90 жылдар

өңдеу

Интернеттің дамуына байланысты көптеген кәсіпкерлер Сан-Франциско келіп, қаланың дамуына өз үлесін қосты.

Сілтемелер

өңдеу