Киев (укр. Київ [ˈkɪjiu̯]) — Украинаның астанасы және ең ірі қаласы, батыр-қала. Днепр өзенінің бойында орналасқан. Киев агломерациясының орталығы болып табылады. Киев – Украинаның жеке әкімдік-аймақтық бірлігі, елдің мәдени-басқару орталығы, сол сияқты Киев облысының әкімшілік орталығы. Украинаның орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Тұрғындары жыл сайын орта есеппен алғанда 20 мың адамға тұрақты түрде өсіп келеді.[9] Киев – халқының есебі бойынша европадағы Мәскеу, Лондон, Санкт-Петербург, Берлин және Мадридтен кейін алтыншы орынды иемденген.

Облыс орталығы
Киев
укр. Київ
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Статусы

Астана

Ішкі бөлінісі

10 аудан

Мэр

Виталий Кличко

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°27′00″ с. е. 30°30′00″ ш. б. / 50.45000° с. е. 30.50000° ш. б. / 50.45000; 30.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°27′00″ с. е. 30°30′00″ ш. б. / 50.45000° с. е. 30.50000° ш. б. / 50.45000; 30.50000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

V[1][2]X ғасыр[3][4][5]

Алғашқы дерек

V ғасырдың басы — VI ғасырдың басы

Жер аумағы

826,35[6] немесе 847,66[7] км²

Ең биік жері

100—200 м

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

2 967 360[8] немесе
3 703 100 адам (2019)

Тығыздығы

4481 адам/км²

Агломерация

Киев агломерациясы — 4 071 000

Ұлттық құрамы

(2001 ж. санақ бойынша)
украиндар — 82,2 %,
орыстар — 13,1 %,
еврейлер — 0,7 %,
беларустар — 0,6 %,
поляктар — 0,3 %

Конфессиялар

православтар, католиктер, протестанттар, мұсылмандар, иудейлер

Этнохороним

киевтік, киевтіктер

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+380 44

Пошта индекстері

01000 — 06999

Автомобиль коды

AA, КА / 11, 28

Басқалары
Марапаттары

Кеңес Одағының Батыры — 1965 жыл Ленин ордені — 1965 жыл Халықтар Достығы ордені  — 1982 жыл

kmv.gov.ua  (укр.)

Киев картада
Киев
Киев

Киев поляндықтар, Киев Русінің, және Киев князьдігінің астанасы болған. 1917 жылғы қарашаның 7 мен 1918 жылдың 29 сәуірі аралығында және 1918 жылдың 14 желтоқсаны мен 1919 жылдың 5 ақпаны аралығында - Украина Халық Республикасының астанасы, 1918 жылдың 29 сәуірі мен 14 желтоқсаны аралығында – Украина Державасының (Ірі мемлекетінің) астанасы, 1919 жылдың 7 қыркүйегі мен 29 желтоқсаны аралығында - ОРҚК Киев әскери облысының орталығы, 1934 жылдың маусымынан 1991 жылдың 24 тамызына дейінгі уақыт аралығында УССР, 1991 жылдан бері – Украина астанасы.

Киев – елдің алдаңғы қатарлы саяси, әлеуметтік-экономикалық, көліктік және ғылыми орталығы. Киевте үкіметтің жалпымемлекеттік органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шет мемлекеттер елшілігі, жалпымемлекеттік коммерциялық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, сол сияқты шетел серіктестерінің Украинада жұмыс істейтін өкілдігінің көпшілігінің штаб-пәтерлері бар.

Қаланың өзінің елтаңбасы мен туы бар. ІХ ғасырдан ХІІ ғасыр аралығында Киев Русінің орталығы ретіндегі тарихи өзіндік мәнінің күшімен де қаланы қазіргі уақытта да «Орыс қалаларының анасы» деп атайды.

Физико-географиялық сипаттамасы

Климат

Толық мақаласы: Киев климаты
  • Жылдық орта есеппен алынған температура — +8,0 C°
  • Жылдық орта есеппен алынған желдің жылдамдығы — 2,4 м/с
  • Жылдық орта есеппен алынған ауа ылғалдылығы — 75 %
  • Күн сәулесінің жарқырауының жиынтық ұзақтығы жыл бойына 1927 сағ. немесе 43 % құрайды

Үлгі:Weather box


Атауы

Атаудың шығу тарихы

Ескіден қалған бір сөздерде қаланың атауы Кия деген есімнен шығады дейді - аңызда айтылғандай, Киев негізін қалаған ағайынды үш жігіттің ең үлкені. Бұл аңыз бізге дейін ХІІ ғасырдың «Повесть временных лет» шежіресімен жеткен болатын.

«Была три братья,— сообщает летописец,— единому имя Кий, а другому Щек, а третьему Хорив и сестра их Лыбедь. Седяше Кий на горе, идеже ныне оувоз Бо́ричев, а Щек седяше на горе, идеже ныне зовётся Щекови́ца, а Хорив на третьей горе, от него же прозвася Хореви́ца, и створиша град, во имя брата своего старейшего и нарекоша имя ему Киев. И бяше около града лес и бор велик, и бяху ловяща зверь, бяху мужи мудры и смыслени, и нарицахуся Поляне, от них же суть Поляне в Киеве и до сего дня». Қаланың шығу тарихы турасында және тағы бір болжам бар. Днепр өзенінің өткелінде қызмет еткен жұмыскерлер (кияндықтар) оның алғашқы тұрғындары есімімен аталған. Өткел өзеннің түбіне қағып енгізген тіреулерге төселген ағаш төсеулер түрінде көрінді. «Повести временных лет» жылнамасында: «Ини же несведуще, реша, яко Кий есть перевозник. У Киева бо бяше перевоз тъгда с оноя страны Днепра — темь глаголаху: „на перевоз на Киев“»

дейді… Шежіреші... мұны былай негіздейді:

«Аще бы Кий перевозьник был, то не бы ходил Цесарюграду. Но се Кий княжаше в роде своём и приходившю ему к цесарю, которого не свемы, но тъкмо о сем вемы, якоже сказають, яко велику честь приял есть от цесаря, при котором ходив цесари. Идущю же ему вспять (вторично — В. Я.), приде к Дунаеви и взлюби место и сруби градък мал и хотяше сести с родъм своим и не даша ему ту близь живущии. Еже и доныне наречють дунайти „городище Киевець“. Киеви же пришедшю в свой град Киев, ту живот свой сконьча».

Қала атауының шығу тарихы тұрғысындағы тағы бір қызықты нұсқасы Гельмольдің «Славянская хроника» жазбасы береді.[10]:

«Да́ны называют Русь также Острогардом по той причине, что, будучи расположена на востоке, она изобилует всеми благами. Ее называют также Хунигардом, потому что на этих местах сначала жили гунны… …Главный город ее Хуэ»

Атауларды өзге тілге трансляциялау негіздері.

Славян тілдерінде бұл қаланың атауында кейбір жайттарда Кий есімінен сын есімнің туындауы негізінің шығуына орай, екінші жариясы едәуір түленділіп айтылады. Мысалы, қала орыс тілінде Киев деп аталады, Поляк тілінде Kijów ([ˈcijuf]), сербтер мен хорваттар тілінде — Kijevт.с.с. Киев ұзақ уақыттар бойына Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғандықтан, қала атауы славян тілінен емес, орыс тілі: ағылшын Kiev, немісше Kiew, т.с.с. арқылы таралды. Украин үкіметі Украина тәуелсіздігін алғаннан кейін ресми құжаттарда украиндық атауы негізін орыс тілінен емес, ағылшын тілінен алатын болды.[11] Бұл сонымен қатар, Киевтің ағылшын нұсқасына негізделіп, нәтижесінже Kyiv сөзі пайда болды, алайда ағылшын тілдес азаматтар үшін [12] үйреншікті болмағандықтан да олардың қолданысында Kiev [13] сөзінен гөрі сирек айтылады..

Тарихы

Толық мақаласы: Киев тарихы

Археологиялық қазбалардың көрсетуі бойынша Киев облысының аймағындағы тұрғындар 15 000—20 000 жыл бұрын болған екен. Неолит және энеолит (мыс дәуірі) кезеңдері трипольдық мәдениетін көрсетеді, ескерткіштер мен мезгілдерін зерттеушілер үш кезеңге бөледі: ерте(4500—3500), орта (3500—2750) және кешірек (2750—2000 б.з.д. жж.). Оңтүстік-батыс аймақтардағы қола дәуірінің кезеңіне белогрудтық мәдениет тиесілі екен. Б.з.д. І мың жылдық - б.з. І мың жылдығының алғашқы кезеңінде Зарубинец мәдениеті солтүстік-батыс Киевтіктерге тән болды.

 
Киев 19 ғ. аяғында

Заманауи Киев және Киев облысының аймағындағы темір ғасыры, сол сияқты, «киев мәдениеті» деп аталған және II—III ғғ., IV—V ғғ. тұсында дунайдың төменгі бөлігіндегі ормандар мен даладан Днепрдің сол жағалауына және шығыстағы Черниговтік черняхов археологиялық мәдениетін көрсетеді. Киев аса ірі әкімшілік орталық ретінде антикалық географтардың айтуы бойынша Шығыс Еурпада (К.Птолемей және басқалары) б.з. ІІ ғасырдн бері ғұндар қожалығы кезеңінде өз қызметін бастап кеткен болатын. Әрі қарай ол бұлғар,печенег, хазарлар, қыпшақтар «сахаралық» империясы аясында динамикалық түрде дамыды. Әр түрлі зерттеулерде оның тұрғындарының арасында торктер (Ақ шіркеу - Торческ) колбягтар, бұлғарлар, печенегтер, далалықтар және басқалар бар екенін айтады.

Білімі

 
Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті.
 
Украина Ұлттық техникалық университеті «КПИ»
 
«Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті

ІХ ғасырдан бастап Киев Шығыс Еуропаның интеллектуалды дамуының орталығы болды. XVII ғасырдың аяғынан бастап Киев-Могилян академиясы көптеген танымал ғалымдарды даярлап шығарды. Алайда бірінші еуропалық үлгідегі заманауи университет Николай І патшаның жарлығымен Әулие Владимир атындағы Киев Императорлық университеті ретінде құрылды. Міне, бүгінде Киев – Украинадағы ірі ғылым мен білім орталықтарының бірі. Киевте халықаралық дәрежедегі университеттерді қосып алғанда, көптеген жоғары және орта білім мекемелері, соның ішінде Украинаның үш ең беделді университетттері: Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университеті, Украинаның «КПИ» Ұлттық техникалық Университеті және «Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті орналасқан [14].

«КПИ» Ұлттық техникалық Университеті

Киевте Киевте 350 мектеп, 100-ден астам гимназиялар мен лицейлер, 70-тер шамасында Жоғары оқу орындары[15] бар, олар:

Киев ұлттық экономикалық университеті

Ұлттық көлік университеті

Ұлттық әуе университеті

Киев құрылыс және сәулет өнері ұлттық университеті (КИСИ)

М. П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагоикалық университеті

Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар мемлекеттік университеті

«Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті

Киев консерваториясы

Жарнама институты

Киев Ұлттық лингвистика университеті (ИНЯЗ)

Украина ғылыми Ұлттық университеті (НАНУ)

Украина биоресурстары мен табиғатты пайдалану Ұлттық университеті

Киев ішкі істер Ұлттық университеті

Киев көркем академиясы

О.О. Богомолец атындағы Ұлттық медициналық университет

Халықаралық Соломонов университеті

Украина дене тәрбиесі және спорт Ұлттық Университеті (ИНФИЗ)

И. К. Карпенко-Каро атындағы театр, кино және теледидар Киев Ұлттық университеті

Мәдениет және өнер Киевтік Ұлттық университеті

Киевтік Ұлттық технология және дизайн университеті

Киев Ұлттық тағам технологиясы университеті

Киевтік нарық қатынасы университеті

Киевтік Ұлттық сауда-экономикалық университет

Өнеркәсібі

 
Шевченко бақжолы

Киев Украинаның ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады. Қалада халық шаруашылығының көптеген салалары бар. Олар: жеңіл және тағам өнеркәсібі, полиграфия, машинажасау, металлургия, авиақұрылыс.

Негізгі өнеркәсіптер:

  • "Оболонь" сыра зауыты
  • Киев кеме жөндеу-құрылысы зауыты
  • Киев зергерлік зауыты
  • Киевтік дәрумендік зауыты
  • «Дарница» фармацевтикалық өнеркәсібі
  • Антонов атындағы ӘҒТК
  • Киев механикалық зауыты
  • Киевтік «Столичный» шампан сырасы зауыты
  • Киев автоматика зауыты
  • Киевтік "Большевик" зауыты
  • Киевтік «Ленинская кузня» зауыты
  • «Киевхимволокно» ААҚ
  • «АТЭК» (бұрынғы «Красный экскаватор») зауыты
  • Киевтік арнайы механика зауыты
  • «Росток» ЖАҚ
  • Киев құрылыс материалдары зауыты
  • ГП «Буревестник»
  • ООО ПТК «Агромат»
  • «Отис» (Киевтік лифт зауыты) ЖАҚ
  • 410 азаматтық авиация зауыты
  • Киев қазыналық механикалық зауыты
  • Киев жөндеу-механикалық зауыты
  • Киев мотоцикл зауыты
  • Киев «АВИАНТ» авиациялық зауыты

Экономикалық көрсеткіштер

N көрсеткіштер бірліктер 2006 жылғы мәні
1 Тауарлар экспорты млн $ 4398,3
2 Уд. вес в общеукраинском % 11,5
3 Тауарлар экспорты млн $ 17573,0
4 Уд. вес в общеукраинском % 39,0
5 Сальдо экспорт-импорт млн $ −13174,7
6 Капитальные инвестиции млн 29946,5
7 Орташа айлық ( 01.09.09) 3250
8 Орташа айлық $ ( 01.09.09) 406

Украина статистикасы мәліметтері бойынша алынды[16].

Транспорты

 
Украина инфрақұрылым Министрлігі

Киев қаласы - ірі транспорттық торап (темір және тас жолдар,кемежай, әуежайлар). 1960 жылдан бері метрополитен жұмыс істейді. Автобус, троллейбус, трамвай жүйесі дамыған, фуникулер (тауға көтеретін жол) жұмыс істейді.

Әуе жолы

Киевте үш әуежай қызмет етеді: халықаралық аэропорт Борисполь ( Киев шетіне қарай, Киевской облысы Борисполь қаласында), Киев ( Жуляны ескі атауы және жүк тасу Гостомель әуежайы.

 
«Левобережная» ауданындағы ст.м.

Сол сияқты, қаланың шетінде Святоши әуежайы орналасқан (Авиант әуежайы бәрінен бұрын "Авиант" Киев әуезауытына қызмет көрсетуге қолданылады). Сонымен бірге қаланың маңында Васильков, Узин, Белая Церковь қалаларында әскери әуежайлар орналасқан. Бірнеше рет Васильков пен Белая Церковь әуежайларын жолаушылар әуежайы ретінде жоспары талқыға салынды. Қаланың қатарында кішігірім мынадай әуежайлар орын алған: Чайка (бұрынғы ДОСААФ, парашюттік база, спорттық авиация), Бузовтық (планерлік база), Долина (спорттық авиация), Бышев, Бородянка (парашюттік база), Киев-Южный (Гребинки, сельхоз, авиация, тікұшақтар) және басқалары.

Теміржол

 
Киевтегі Вадим Гетьман көшесі

Теміржол вокзалдары:

Өзен жолы

Метро

 
Киев метрополитенінің жүйелік кестесі 2011 жыл

Трамвай

Фуникулёр

 
Фуникулёрдің төменгі стансысы

Троллейбус

Автобус

Маршрутты таксилер

Дереккөздер

  1. Kiev at Encyclopedia of Britannica
  2. Tolochko, P., Ivakin, G., Vermenych, Ya. Kiev. Encyclopedia of History of Ukraine.
  3. Толочко П. П. Новые археологические исследования Киева (1963—1978) // Новое в археологии Киева. — Киев, 1981.
  4. К. Цукерман. Два этапа формирования древнерусского государства
  5. А. В. Комар Киев и Правобережное Поднепровье // Русь в IX–XI веках: археологическая панорама / Rus' in 9th - 10th centuries: archaeological panorama / Н. А. Макаров — Москва; Вологда: Древности Севера, 2012. — Б. 496. — ISBN 978-5-93061-068-0.
  6. Межі Києва можуть змінитися Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2019 жылы.
  7. Геодезия, картография және кадастрлар жайында Украина мемлекеттік қызметі  (укр.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 қыркүйек 2015.
  8. Чисельність населення (за оцінкою) на 1 січня 2020 року та середня чисельність у 2019 році
  9. Населення Київа на 1.01.20ХХ років Мұрағатталған 4 қазанның 2013 жылы.
  10. ГЕЛЬМОЛЬД, СЛАВЯНСКАЯ ХРОНИКА
  11. РІШЕННЯ УКРАЇНСЬКОЇ КОМІСІЇ З ПИТАНЬ ПРАВНИЧОЇ ТЕРМІНОЛОГІЇ N9 Протокол N2 від 19 квітня 1996 р.
  12. Q&A: Chernobyl 20 years on BBC News 2006/04/26
  13. Kiev or Kyiv Kiev-Life.com
  14. Корреспондент опубликовал рейтинг лучших украинских вузов " Последние события в Украине — Корреспондент
  15. Список высших и средних специальных учебных заведений Киева Мұрағатталған 14 қазанның 2006 жылы.
  16. Державний комітет статистики України