Ажал аңғары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ажал аңғары Өлім аңғары — АҚШ-тың оңтүстік-батысында, Мохаве шөліндегі (Калифорния штаты) сусыз аңғар. Ол Үлкен Алаптың оңтүстігіндегі Аларгос пен Панаминт жоталары аралығында орналасқан. Ұзындығы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр және ол Солтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер — 85 м. Мұнда Батыс Жарты шардағы ең жоғарғы температура байқалған (56,7ӘС). Ажал аңғарының атауы осы жерде 1849 жылы бір топ алтын ізденушілердің су таппай ажалға ұшырауынан шыққан. Аңғарда ауданы 840 мың га болатын, негізі 1933 жылы құрылған ұлттық табиғи саябақ бар.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1-том