Араб легионы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Араб Легионы (араб.: الجيش العربي‎ аль-Джайш аль-Араби) — Трансиорданияның (1950 жылдан Иордания) әскери бөлімдерінің аты 1920-1956 жылдары.

1920 жылы қазан айында Ұлы Британия отаршы өкіметтің қаржыландыруымен Фредерик Пиктің басшылығымен 150 адамнан әскери топты құрып, атын Араб Легионы (аль-Джайш аль-Араби) деп қойды. Легионға көбісі - Осман империясына қызмет еткен арабтар кірді. Араб Легионы 1921-56 жылдары арасында 150 адамнан 23 мың адамға дейін өсті.

Оның іс жүзіндегі бас қолбасшылары ағылшын офицерлері Фредерик Пик (1920-39) пен Дж.Б.Глабб (1939-56) болды[1]. Ағылшындар Араб Легионын араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтыруға пайдаланды. Араб Легионының бөлімдері 1941 ж. Ирактағы ағылшын отаршылдарына қарсы көтерілісті басуға, Сирияны жаулап алуға (1941), араб-израиль соғысына (1948-49) қатынасты. 1956 ж. 2 наурызда Глаббты Иорданиядан қуғаннан кейін (азаттық күресі дәурлеген кезден), Араб Легионы Иорданияның Араб армиясы деп аталды (1956 ж. шілдеде).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Avi Shlaim (2007) «Lion of Jordan The Life of king Hussein in War and Peace» Allen Lane ISBN 9780713997774 p 17.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]