Ат-балық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Seahorses
Қазбалық ауқымы: 23–0 Ma
Lower Миоцен to Present
Hippocampus sp.
Hippocampus sp.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Syngnathiformes
Тұқымдасы: Ине балық тәрізділер
Тегі: Hippocampus
Rafinesque, 1810[1]

Ат-балық (лат. Hippocampus) — Ине балық тәрізділер тұқымдасына жататын балықтардың тегі.


Жалпы текте 50-дей биологиялық түрі белгілі[2].

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене тұрқы 12-30 см, басы бауырына қарай имек және жанына қарай сәл қисайған. Құйрығының ұш жағы қошқар мүйіз тәрізді иірілген және онымен Ат-балық су өсімдіктерін орап алып, бекініп тұрады.

Түсі қызыл-сұр, бауыры ақ не қоңыр, кейде көк теңбілді не жолақты. Пішіні ерекше, балықтан гөрі шахмат ойынындағы “атқа” ұқсайды. Ат-балықтың еркегінің құйрығы басталған жерінде, бауыр жағында қапшығы болады. Уылдырығын аналығы аталығының қалтасына салады. Уылдырықтар аталықтың денесінде өсіп-жетіліп, дүниеге келеді. Атбас балық - аталығы “бала туатын” жер бетіндегі бірден-бір жануар.

Уылдырық салатын қалтасы құйрық астында орналасқан, ол жабық тұрады. Қалтаның алдыңғы бөлігінде уылдырық салатын кішкентай саңылау болады.

Көрегі - су планктоны.

Ат-балықтар көптеген жылы тропиктік және субтропиктік теңіз жағалауында кездеседі.

«Potbelly seahorses» «Hippocampus hystrix» «Hippocampus white»

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hippocampus Rafinesque, 1810, WoRMS
  2. World Register of Marine Species (WoRMS). Hippocampus Rafinesque, 1810. In: Nicolas Bailly (2012). FishBase. (ағыл.) (Тексерілді 12 ақпанның 2012)
  3. a b c Пятиязычный словарь названий животных. Рыбы,стр.228
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Hippocampus