Ахмад шаһ Дуррани

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ахмад шаһ Дуррани, Ахмад хан Сазадай (1721 — 1773) — Ауған ханы (1747 — 1773). Надир шаһ қайтыс болғаннан кейін абдали тайпасының хандар мәжілісі Кандагарда бүкіл Ауғанстанның билеушісі етіп сайлап, оған дурр-дуррани (теңдестер арасындағы бірінші) деген лауазым берген. Осы уақыттан бастап барлық абдали атауы дуррани болып ауыстырылды. Елдегі жоғарғы атқарушы орындар мен әскери кызметтер дуррани тайпасынан шыққан хандарға мұрагерлік жолмен берілді. Мемлекет ең ірі ауғандық тайпаларды біріктіре отырып, Дуррани мемлекеті деген атпен тарихқа енді. Ахмад Шаһ Дуррани өкіметін Кабул мен Кандагардың ғана емес, басқа да көптеген ауғандық тайпалардың шаһтары мойындады. Шаһ Кандагарды астана етіп, дербес “Дуррани империясын” құрды. 1748 — 1757 жылы аралығында Пенджабты, Кашмирді, Сирхиндті, Синдті, Хорасанды, Балхты, Белуджистанды жаулап алды. 1761 жылы Панипат маңындағы соғыста маратхиларға ойсырата соққы берді. Мемлекет құрамына Иранның, Оңтүстік Түркістанның, Солтүстік-батыс Үндістанның шығыс аймақтары енді.[1][2]

Ахмад шах Дуррани - Ахмад шах Абдали деген атпен де белгілі. 1747 – 1773 жылдары Ауғанстандағы Дурран империясын билеген. 1731 жылы Ахмад шах пен оның ағасы Зұльпыхар хан Қандағарға қоныс аударады. Бұларды сол жердің билеушісі Хусейн шах түрмеге қаматады. Өйткені Абдали көсемдерінің чол кездегі Иран билешісі Надир шахпен қарым-қатынасы жақсы болатын. Ахмад шах Қандағардың мемлекеттік түрмесінде алты жылға жуық уақытын өткізді. 1731 жылы Парсы елінің жаңа билеушісі Надир хан Абдалилер әулетінен әскер жасақтады. 1737 жылы Надир шах Қандағарды басып алып, түрмедегілерді бостандыққа жіберді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әдеб.: История Афганистана, М., 1982; История стран Азии и Африки в новое время, І часть, М., 1989.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
  3. 1100 қызықты деректер