Боки

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Боки
нки, дама, осиком, веанероки
Бүкіл халықтың саны

140 000

Ең көп таралған аймақтар

 Нигерия

Тілдері

боки тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Боки (өз атаулары: нки, дама, осиком, веанероки) — Нигериядағы жалпы саны 140 мың адамнан тұратын ұлт.[1]

Тілі - боки тілі-окии (мфуа).[2] Диалектлері: басуа, бойе, ирруан, нсадип, оку, абонтакон, бурум, бибо, беби, бавоп, каньянг, оримекпанг, вула, батерико, абу, осоком.

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[3]

Негізгі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, тәтті картоп, ямс, таро, банан), аңшылық. Қолөнерден – керамика, тоқу, ағаш ою (маскалар, ата-баба мүсіндері) дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл қауымдары, көп балалы отбасылар, рулар, ерлер мен әйелдердің жасырын одақтары, жас мекемелері, бас аулаушылар бірлестіктері құрайды. Неке вирилокалды, туысқандық есеп патрилинейлік болып табылады.

Тұрғын үйлері – төбесі конустық дөңгелек үйшіктер.

Киімдері жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі.

Негізгі тағамдары - өсімдік тектестер (жарма, бұқтырылған тағамдар, ащы дәмдеуіштермен пісірілген түйнектер).[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/8814
  2. ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B1%D0%BE%D0%BA%D0%B8
  3. БОКИ http://www.aggregateria.com/B/boki.html
  4. a b народы мира / Боки http://www.etnolog.ru/people.php?id=BOKI