Бу машинасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Горизонтальдық стационарлық бу машинасы

Бу машинасы — сығылған су буының потенциалдық энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін алғашқы поршеньдік қозғалтқыш. Алғашқы әмбебап Бу машинасын 1784 жылы ағылшын өнертапқышы Джеймс Уатт ойлап шығарып, оған патент алды. XIX ғасырдың аяғына дейін Бу машинасы өнеркәсіп пен көлікте қолданылатын жалғыз қозғалтқыш болып келді. Бу машинасының дамуы фабрикалар мен зауыттар, электр станциялары, бу арбалар (паровоздар), кемелер мен локомобильдер,ауыл шаруашылығы мен жергілікті өнеркәсіп мұқтаждықтары үшін қажетті жетілдірілген орнықты (стационар) Бу машинасыларын жасау бағытында жүрді. Бу машинасының тарту сипаттамалары жоғары, үлкен жүктемелерге шыдас береді және реверстеледі (кері айналады), жұмыс жасауы сенімді, құрылымы қарапайым. XX ғасырдың басына қарай Бу машинасының қуаты 15 МВт, жылдылдық 1000 айналым/мин және пайдалы әсер коэффициенті 20–25%-ке жетті. Дегенмен, Бу машинасыларының тиімділігінің төмендігі (пайдалы әсер коэффициенті 20–25%) және бірлік қуатының шектеулілігі (15 МВт-қа дейін) олардың кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермеді. Қазіргі кезде олар толығымен бу турбиналарымен ығыстырылған. Бу машинасы дүниежүзілік өнеркәсіп пен көлік құралдарының қазіргі деңгейге жету прогресінде ерекше рөл атқарды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том