Жарғыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жарғышоқ-дәріні әрекетке келтіру үшін қолданылатын құрылым. Жарғыштар:

  • орнатылуы бойынша (артиллериялық снарядтар мен миналарға, ракеталар мен торпедалардың ұрыс бөлшектеріне, инженерлік және теңіз миналарына, авиабомбаларға және басқаларына),
  • әрекет ету принципі бойынша (түйіспелі, ара қашықтық, түйіспесіз, аралас әрекеттер), оқ-дәріде орналасуы бойынша (басты, түпкі, бүйірлі, сапалы орналасу)
  • басқа белгілеріне қарап сараланады.

Жарғыштың қауіпсіздігі, нақты айтқанда, оның алдын ала жарылмайтындығы тежегішпен қамтамасыз етіледі. Жарғышты дайыңдыққа келтіру әрекетті жарылғышты қайыру деп аталады. Оқ-дәрінің әр түрлі орындарында орналасқан бірнеше блоктан тұратын жарылғыштар жарғыш құрылымдар деп аталады. Жарғыштардың алғашқы түрлері 16 ғасырда пайда болды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001