Жозеф Морис Равель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жозев Морис Равель 1925 жыл

Жозеф Морис Равель (фр. Joseph Maurice Ravel, 1875 жылдың 7 наурызында туып —1937 жылдың 28 желтоқсанында қайтты) — француз композиторы-импрессионист, дирижёр, XX ғасыр музыкасы реформаторларының бірі.

Морис Равель 1875 жылы 7 наурызда Францияның оңтүстігінде орналасқан Сибур қаласында (бұған дейін Атлант Пиренея департаменті) туған. 1882 жылы Анри Гизаның фортепианолық сабақтарына қатыса бастайды. 1887 жылдан бастап Шарль Рененің гармониялық сабақтарына қатысады. Сибур қаласы Испаниямен шекаралас жерде орналасқан, ол жерде сол кезде оның инженер-путшы, музыканы жақсы көруші, бұл махаббаты өзінің ұлына да берген әкесі қызмет еткен. 1889 жылы Равель Париж консерваториясына оқуға түсіп, фортепиано классын аяқтайды. Жас музыкантқа оның оқытушысы Шарль де Берио өте көп көмектеседі, ол сол заманның белгілі, атақты пианиношысы болған. Бірақ, импровизацияға деген қызығушылық, композиция шығаруға деген сүйіспеншілік Равельде тек Эрика Сатимен танысқаннан соң пайда болды. Эрик сати музыкалық Сонымен қатар Равельге Рикардо Виньес атты басқа композитор*пианиношы кезіккеннен соң, оның шығармашылығы дами бастады. Жиырма, отыз жылдар өтсе де күрделі жеке қарым қатынастарына қарамастан Равель Сатиді өзінің бағыт бағдар берушісі ретінде, оған қаншама шығармаларымен міндетті екенін айтып қойған екем.

Оқуының соңғы курсында ол үлкен француз композиторы Габриэль Форенің тобына ілегіп кетті. Оның қалауымен Равель «Хабанеру» испан әуендеріне бірнеше шығармалар жазды. Солардың ішінде: «Инфанта өліміне арналған Павана», «Антикалық менуэт». Консерваторияны аяқтағаннан соң Равель 1900—1914 жылдары көптеген шығармалар жазады.

Көптеген композиторлардың өміріндегідей Морис Равельдің шығармашылығын көп уақытқа дейін кәсіби академиялық орталарда мойындаған жоқ. Осылай, Морис Равель Рим Премиясы иегері атануы үшін үш рет сайысқа қатысты: 1901, 1902 және 1903 жылы. Алғаш рет ол сайыста Андре Каплеге жеңілді (ол кезде ол «Кіші рим премиясын иеленді»), екінші рет —Шарль Ленев профессорының оқушысы Эме Кунцуға жеңілді, және үшінші рет оны тағы да сол Леневтің оқушысы Рауль Лапарра басып озды, 1904 жылы Равель сайыстарға қатысқысы келмей кетті, Себебі соңғы мүмкіндікке күш жинау керек болды. Талап бойынша сайысқа қатысушылардың жас мөлшері 30 жасқа дейін, ал Равель 30 жастарға таяп қалған кезі болатын. Бұл оның соңғы мүмкіндігі. 1905 жылы Морис Равель, Париждегі танымал музыкант кезінде (Габриэль Форенің кеңесімен) соңғы рет сайысқа қатысатын болады. 1932 жылы Равель қайтадан Маргарита Лонг есімді әйгілі пианистмен бірге Еуропа бойынша тур жасапйды. Бұл кездері ол «Жанна д’Арк» деп аталатын жаңа шығарма-балет жаза бастайды. Бірақ автокөлік апатына ұшырап, жұмысы тоқтатылады.

1933 жылдан бастап Равель күрделі кейін бас сүйек-ми зақымына әкелетін автокөлік апатында алған жарасынан неврологиялық ауыруға шалдығады. Күрделі аурумен ауыратын композитордың соңғы шығармасы «Үш ән» деп аталады, «Дон Кихот» атты алғашқы дыбыстық фильмге арналған. Олар орыс әншісі Ф. И. Шаляпинге арналып жазылды.

Композитор умер 1937 жылдың 28 желтоқсанында Парижде бас сүйекке жасалған сәтсіз операциясынан соң қайтыс болды. Париждің қала маңындағы Леваллуа-Перредегі зиратында жерленді.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• «Ескі менуэт» (1895)

• «Инфанта өліміне арналған Паванта» (1899)

• «Су ойыны» фортепиано үшін(1901)

• Фортепианоға арналған сонатина (1903—1905)

• «Көріністер» фортепиано үшін (1905)

• «Испандық рапсодия» симфониялық оркестр үшін (1907)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Цыпин Г., Морис Равель, М., 1959

• Равель в зеркале своих писем. Сост. М. Жерар и Р. Шалю, [пер. с франц.], Л., 1962;

• Крейн Ю., Симфонические произведения М. Равеля, М., 1962;

• Крейн Ю., Камерно-инструментальные ансамбли Дебюсси и Равеля, М., 1966;

• Равелиана, «Советская музыка», 1962, No 12;