Кассета

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Магнитофон кассетасы
Кассета[1](французша cassette – қобдиша)
  • 1) магнитофон кассетасы – ішіне магнит таспасы (лентасы) орналасатын жазық, жабық қорабша тәрізді қондырғы. Оны іске қосу үшін магнитофонға, бейнекамераға (бейнекассета) салады, магнитофонның таспа созу механизмі әсерінен кассетадағы таспа қозғалысқа түседі. Мұндай кассеталар пайдалануға қолайлы, қарапайым, әрі таспаны кездейсоқ бүлінуден сақтайды. Жалпақ (енді) магнитті таспалар бейнемагнитофондарында қолданылады;
  • 2) фотографиялық кассета – ішіне фотопленка немесе фотопластинка салынатын, жарық өткізбейтін қондырғы. Пленкалы кассета пластмассадан не металдан, пластинкалы кассета корпусы металдан, ағаштан және картоннан жасалады.

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том