Күреңоттар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Күреңоттар
Chamerion latifolium
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Myrtales
Тұқымдасы: Onagraceae
Juss.[1]
Үлгілік тегі
Oenothera
Карл Линней
Subfamilies

Ludwigioideae
Onagroideae

Синонимдері

Circaeaceae Bercht. & J.Presl
Epilobiaceae Vent.
Jussiaeaceae Martinov
Oenotheraceae C.C.Robin[2]

Күреңоттар тұқымдасы (лат. Onagraceae) – қос жарнақты, бір не көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта, бірақ бұта, ағаш түрінде сирек кездесетін өсімдіктер.


Күреңоттар тұқымдасының қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 20 туысы, 650-дей түрі бар. Қазақстанда күреңот, иваншай, есекшөп және цирцея туысына жататы�� 21 түрі өседі. Гүлдері қос жынысты, дара не масақ, шашақ не сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына топталған. Аралармен, көбелектермен, т.б. ұсақ жәндіктермен тозаңданады. Тостағаншасы түбіне дейін 2 – 4 бөлікке бөлінген, кейін гүлтұғыры түсіп қалады. Күлтесі 2 немесе 4 – 5 желекті. Аталығы тостағаншаның түбіне орналасқан. Жемісі – қорапша не жаңғақ тәрізді, кейде жеміс түрінде де кездеседі. Күреңоттар тұқымдасының кейбір түрлерінде (мыс., Америкада өсетін – Ludwіgіa repens) тіршілік ету жағдайына қарай тамыры: қоректенетін, жүзетін және тыныс алатын болып бөлінеді. Күреңоттар тұқымдасының көптеген түрлері (мыс., жіңішке жапырақты иваншай) шірнелі өсімдіктер, олардың жапырағын медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланады және кептіріп шай орнына да ішеді. Құрамы май, каротин және [ротеинге бай, сондықтан құнарлы мал азығы болып саналады. Ал екі жылдық есекшөпті хош иісті гүлдері үшін саябақтарда өсіреді, етжең тамырының құрамында 28%-ға дейін май болғандықтан құрылыста пайдаланатын олифа майы алынады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Angiosperm Phylogeny Group (2009). "An update of the Angiosperm Phylogeny Group classification for the orders and families of flowering plants: APG III" (PDF). Botanical Journal of the Linnean Society 161 (2): 105–121. doi:10.1111/j.1095-8339.2009.00996.x. http://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1046/j.1095-8339.2003.t01-1-00158.x/pdf. Retrieved 2013-07-06. 
  2. Family: Onagraceae Juss., nom. cons.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (12 сәуір 2007). Тексерілді, 29 қазан 2010.
  3. “Қазақ Энциклопедиясы”