Күркетауықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Күркетауықтар
Қазбалық ауқымы: Төменгі миоцен to Recent
Күркетауық қоразы, Meleagris gallopavo
Күркетауық қоразы, Meleagris gallopavo
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Қырғауылдар тұқымдасы
Gray, 1840
Кіші тұқымдасы: Meleagridinae
Тегі: Meleagris
Карл Линней, 1758
Species

Meleagris gallopavo
Meleagris ocellata

Meleagris gallopavo

Күркетауықтар (лат. Meleagris) – тауықтәрізділер отрядының бір тегісі.


Дене тұрқы 85 – 100 см. Басы және мойнының біраз жері тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып, құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара металл түсті жылтыр. Жақсы жүгіріп, жерде жақсы жүреді. Бірақ ұшқанды ұнатпайды. 2 түрі белгілі. Соның ішінде арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі күркетауық (Meleagris gallopavo).


Күркетауық – үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9–35 килограмм, мекиені 4,5–11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50–55 грамм, 120 күннен соң 4–5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 – 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3–4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін). Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Meleagris