Мадейра (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Рио Мадейра

МадейраАмазона алабындағы өзен. Боливия және Бразилия елдерінің жерімен ағады. Амазонка өзенінің ең ірі оң саласы. Жоғарғы ағысында Бразилия таулы қыратын солтүстік-батыс бөлігінен айналып өтеді. Маморе өзенінің бастауынан есептегенде ұзындығы 3200 км, алабының аумағы 1,4 млн. км²-ге жуық. Мұндағы бірнеше шоңғалдар мен құлама сулар (сарқырамалар) өзенге ерекше көрік береді. Порту-Велью қаласынан (Бразилия) бастап Амазона ойпатымен ағады. Жылдық орташа су ағымы 30,5 мың м3/с. Тұрақты кеме қатынасы (ұзындығы 1060 км) Порту-Велью қаласынан басталады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]