Марина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
У.Тернер, The Slave Ship, 1840

Марина (итал., лат., франц. — теңіз көрінісі) — теңіз көрінісі бейнеленген көркемсурет туындысы, пейзаж жанрының саласы.


Алғашқыда теңізге батып кеткен әскери кемелер құрылымын қағазға қайта түсіру үшін пайда болып, теңіз бейнесін оған қосымша безендіру құралы ретінде пайдаланған. Кейіннен теңіздегі тарихи оқиғаларды бейнелеу арқылы үлкен сұранысқа ие болып, Еуропа бейнелеу өнерінде дара жанр ретінде қалыптасты. 17 ғ-да Голландияда кескіндеме және графика саласында маринистер (Я.Порселлис, С.де Влигер, Х.Сегерс, Я Ван де Велде) шығармаларында теңіздің қатал тылсым табиғатын, тұрмыс тіршілігі теңізбен байланысты балықшылар өмірін шыншылдықпен бейнеледі. 18 — 19 ғ-ларда ФранциядаК.Ж. Верне, ЖапониядаКацусика Хокусай, АнглиядаУ.Тернер, Голландияда Х.В. Месдон, РесейдеИ.К.Айвазовский мен А.П. Боголюбов сияқты әйгілі маринистер шықты. Ә. Төлебиев, М. Дербісова[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Marine art