Математикалық лингвистика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Математикалық лингвистика (орысша математическая лингвистика) — тіл білімінің математикалық тәсілдермен тілді зерттейтін саласы. Ол 20 ғасыр 50 жылдары табиғи және кейбір жасанды тілдердің кұрылысын сипаттауға және тіл біліміне тән негізгі ұғымдарды анықтауға арналған формалды аппарат жасау мақсатында туған. Математикалық лингвистика әдістері мен математикалық аппараттың көмегімен тілдің әр түрлі заңдылықтарын ашуға болады. Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сөз бөлшектерінің кезектескен тізбектерін ("дұрыс мәтіндер") математика тұрғысында зерттеу Ф. де Соссюрден басталады. Математикалық лингвистика синтаксистік құрылымды сипаттау тәсілдерінің теориясы және формалды грамматика теориясы деген салаларға бөлінеді. Формалды грамматиканың кеңірек қолданылып жүргені түрі — "Туынды грамматика" немесе Н. Хомский грамматикасы. Қазақстанда бұл сала бойынша Ұлттық Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында ЭЕМ көмегімен қазақ мәтіндерінен сөз, сөз тұлға, сөз тіркесінің әр түрлі жиілік сөздіктері түзіліп, лексика, фонетика, синтаксис салаларындағы сандық зандылықтар анықталуда.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3