Рецепт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арнайы рецепт бланкісі

Рецепт[1] (лат. receptumқабылданған) — дәрігердің фармацевтке дәрілік заттарды дайындау және бостау туралы жазбаша өтініші, онда дәрілік заттарды қолдану және емдеу әдісі туралы нұсқаулар.[дереккөзі?]

Рецепт белгілі бір нысанда және ережелерге сәйкес жазылады. Қарапайым рецепт – бұл бір дәрілік затқа жазылатын рецепт; егер препарат екі немесе одан да көп белсенді ингредиенттерден тұратын болса, онда оны күрделі рецепт деп атайды. Рецепт заңды құжат болып табылады, өйткені ол дәрінің дұрыс дайындалғанын тексеруге мүмкіндік береді.

Дәрілік затты рецепт арқылы немесе рецептсіз босату туралы нұсқау препаратқа арналған нұсқаулықта «дәріханадан босату шарттары» бағанасында көрсетілген. Нұсқаулық дәрілік затты мемлекеттік тіркеу сатысында бекітіледі.

Ежелгі уақытта латын тілінде рецепттер Formula remediorum (remedium - дәрі) немесе Formula medicinalis деп аталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда рецептермен жұмысты реттеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен жұзеге асырылады. Бұл қағидаларда рецепте қолданылатын негізгі рецептуралық қысқартулар туралы қарастырылған.[1]

Ал дәріханаларда рецептпен босату тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]