Самат Сатыбалдыұлы Әбіш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары
Ту
Ту
25 желтоқсан 2015 — 17 қаңтар 2022
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ізашары Владимир Жұмақанов
Ізбасары Мұрат Нұртілеу
Ту
Ту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Ту
Ту
7 наурыз 2013 — 25 желтоқсан 2015
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Серік Ахметов
Кәрім Мәсімов
Ізашары Үсер Елеусізұлы Мизанбаев
Ту
Ту
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы
Ту
Ту
11 қараша 2011 — наурыз 2013
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Серік Ахметов
Ізашары Марат Өмірбекұлы Қалқабаев
Өмірбаяны
Партиясы Нұр Отан
Білімі 1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы (2000)
2. Ресей Сыртқы барлау академиясы (2002)
Мамандығы Заңгер
Дүниеге келуі 20 тамыз 1978 (1978-08-20) (45 жас)
Энергетический ауылы (қазіргі Өтеген батыр ауылы), Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР
Әкесі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаев (1947-1981)
Анасы Светлана Мырзахметқызы Назарбаева
Жұбайы Аида Алматбекқызы Назарбаева (Мыханова) (1980)
Балалары қыздары
Жәмилә
Әмина
Әскери қызметі
Атағы 2024 жылы айырылды
1. Генерал-лейтенант (2017)
2. Генерал-майор (2014)
Марапаттары 2024 жылы айырылды
2 дәрежелі Даңқ ордені 2 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (Қазақстан) 3 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (Қазақстан) 2 дәрежелі Ұлттық қауіпсіздік қалқаны медалі 2 дәрежелі Ұлттық қауіпсіздік қалқаны медалі

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш (20 тамыз 1978, Энергетический ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері. Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Қазақ КСР-і Алматы облысындағы Энергетический ауылында Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже інісі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Ол өз тегін атасы Әбіш Назарбаевтың құрметіне алды. Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, ал 2002 жылы Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген.

  • Әкесі — Назарбаев Сатыбалды Әбішұлы.
  • Анасы — Назарбаева Светлана Мырзахметқызы, «Дәуір» баспасының жетекшісі.
  • Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы
  • Әйелі — Аида Алматбекқызы Назарбаева
  • Балалары — Әбіш Әмина Саматқызы, Әбіш Жәмилә Саматқызы[1]

Мемлекеттік қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген.

Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.

2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-үдерістік және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы. 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан - төрағасы. 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы.

«Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Хоббиі - оқу, футбол.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2