Сцинк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сцинктер
Tiliqua scincoides scincoides
Tiliqua scincoides scincoides
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Кіші сабы: Sauria
Ықшам сабы: Scincomorpha
Тұқымдасы: Scincidae
Джон Эдуард Грей, 1825
Кіші тұқымдастары

Acontinae
Lygosominae
Scincinae

Сцинктер (лат. Scincidae) – бауырмен жорғалаушылар класы, қабыршақтар отрядының сцинктәрізділер тұқымдасына жатады. Сцинк – кесірткелердің ішіндегі түрі ең көп таралғаны. Олардың 1200 түрі бар. Көптеген басқа кесірткілер сияқты сцинк те , қауіп төнгенде құйрығын үзіп қалдырып, дұшпанынан құтылып кетеді.

Бұл жануарлардың денесі – сүйір, аяқтары – қысқа , құйрығы – ұзын , кейбірі жыланға ұқсайды. Қоршаған ортаға байланысты реңін өзгерте алады. Денесі – сұр , қоңыр , қара түсті , 5 ақ немесе сарғыш жолақтармен әдіптелген. Жас сцинктердің құйрығы ашық көк түсті болады. Ересек аталық сцинкті айнытпай ажыратуға болады. Оңтүстік- шығыстағы ең ірі сцинктің дене тұрқы 6-13 см, басы - жалпақ болып келеді.

Сцинктер –өте сақ, күндіз белсенді кесірткелер. Інін жерден қазады. Бауырымен жылан тәрізді ирелеңдеп жүреді. Домалақ қарашықты көзі жақсы көрмейді, құлағы естімейді, ауыз қуысынан ешқандай дыбыс шығара алмайды. Есесіне , иісті өте жақсы сезеді. Олардың денесі созылыңқы цилиндр тәрізді болады, терісі балықтың қабыршағы секілді жалтыраған тегіс қабыршықтардан тұрады. Сцинктер Джорджия штаты мен Оңтүстік Каролинада тараған , әртүрлі жерді мекендейді. Бірақ теңіз жағалауындағы емен ағашты ормандарды ерекше ұнатады. Ересектері ағаштардың ұшар басында күнге қыздырынып жатады. Жастары құлаған ағаштар мен бұтақтардың астын паналайды. Жәндіктермен , өрмекшілермен және басқа да омыртқасыздармен қоректенеді. Ересектерінің жақ сүйектері мықты болады. Олар басқа кесірткелер мен майда сүтқоректілерге шабуыл жасайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"1100 қызықты деректер" 2011 жыл Ү. Болатханқызы