Хуршидбану Натаван

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хуршидбану Натаван
әз. Xurşidbanu Natəvan
Лақап аты

Хан қызы

Туған күні

6.04. 1832

Туған жері

Шуша қаласы

Қайтыс болған күні

2.10. 1897

Қайтыс болған жері

Шуша қаласы

Шығармалардың тілі

әзербайжан тілі

Хуршидбану Натаван Мехтикулиханқызы (әз. Xurşidbanu Natəvan; (лақап аты — Xан қызы) (6 сәуір 1832, Шуша қаласы —2.10. 1897, сонда) — азербайжан ақыны. Дәулетті отбасында туып, білім алды. Парсы, араб және орыс тілдерін білді. Шушада «Меджлиси унс» («Достар жиыны») атты әдебиет үйірмесін басқарды. Натаван өлеңдерін аруз үлгісімен жазды. Шығармаларына қайтыс болған ұлының қайғысын арқау етті («Мен жылаймын», «Ғайып болды» т. б.). Мұнда әлеуметтік мотив басым, қоғамдағы әйелдер теңсіздігіне наразылық айқын танылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том