Цифрлық сигнал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Цифрлық сигнал (Цифровой сигнал; digital signal — тек екі мәнді, әдетте нөл мен бірді қабылдайтын сигнал; уақыттың кез келген сәтінде кернеу мәні бірнеше (әдетте, екі))деңгейдің біріне сәйкес келетін сигнал. Екі деңгейлі сигналды кейде екілік цифрлық сигнал немесе екілік сигнал деп те атайды[1]. Кернеудің екі үздікті деңгейімен жұмыс істейтін екілік логикалық схемаларда деңгейлердің бірі (әдетте, жоғарғысы) логикалық «1»-ге (ақиқатқа) сәйкес келеді, ал екіншісі логикалық «0»-ге (жалғанға) сәйкес келеді.

Аналогты сигналдарды кодтау, яғни сандық (цифрлық) сигналдарға айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Сандық сигналдар периодты, периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, қоңырау тәрізді, экспоненциалды болып бөлінеді. Аналогты сигнал уақыты ішінде амплитуданың үнемі өзгерісі ретінде көрінеді. Мысалы, телефонмен сөйлескенде ауаның механикалық тербелісі (жоғары мен төмен қысымның кезектесуі) электрлі сигналға, сондай айналып шығу амплитудасын сипаттайтынға түрленеді. Алайда аналогты электрлі сигналдың кемшілігіне: сигналдың бұрмалануы, орта арқылы берілетін сигналдың сөнуі жатады.

Сигналдарды сандық өңдеу (цифровая обработка сигналов; digital signal processing) — сигналдарды түрлендірудің цифрлық тәсілдеріне төн сигналдарды өңдеу әдістерінің тобы. Сандық әдістердің аналогтық әдістермен салыстырғандағы артықшылығы — жадпен жұмыс істеуді жеңілдетеді, сондай-ақ пайдаланылатын арифметикалық операциялар жинағын ұлғайтады. Алайда олардың негізгі қадір-қасиеті есептеу дәлдігін шексіз арттыру мүмкіндігінен тұрады. Сандық әдістердің басты кемшілігі — кейбір ерекше бағдарламалар үшін, аналогты әдістерге қарағанда, айтарлықтай баяу болып келеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Digital Circuit Breaker Panel Technology is Reshaping the Grid (ағыл.)
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5