Эмитент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эмитент (лат. emіttens – шығарушы), Ақша шығарушы –

  1. несие карточкаларын (пластикалық) қосқанда ақшаны‚ облигациялардыакцияларды‚ т.б. бағалы қағаздар мен құжаттарды эмиссиялау (шығару және айналысқа жіберу) құқығы белгіленген тәртіппен‚ белгілі бір шарттармен берілген мемлекеттік орган‚ жергілікті өзін-өзі басқару органы‚ заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы. Әрбір Эмитент тек өзіне рұқсат етілген төлем құралдары мен бағалы қағаздар эмиссиясын ғана жүзеге асыра алады. Ақша мен бағалы қағаздардың иеленушілері алдында өздеріне бекітіліп берілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде өз атынан міндеттеме алады. Тек Ұлттық (орталық) банкінің ғана жоғары мемл. өкімет органдары белгілеген сома шегінде нақты ақша шығаруына рұқсат етілген. Облигациялар шығару шарттарын мойнына алатын мемл. қаржы органдары мемл. облигациялардың Эмитентті болып табылады. Облигацияларды өткізу‚ сондай-ақ оларды сатып алу жөніндегі операцияларға коммерц. банкілер тартылады. Өндірістік және коммерц. құрылымдар‚ сондай-ақ банкілер түрлі заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталын көбейту және құрау үшін) және облигацияларын (қарызға қаражат тарту үшін) шығарушы бола алады. Акциялар мен облигациялардың Эмитенттері оларды шығару анықтамалықтарын дайындап‚ құзыретті органда тіркелуге тиіс. Олар сондай-ақ бағалы қағаздарды таратып, орналастыру қорытындыларын да шығаруға‚ осы жайында тіркелген жерінде есептеме беруге және орналастыру қорытындылары туралы баспасөзде деректер жариялауға міндетті;[1]
  2. шоттар ашумен және оларды жүргізумен, шоттар иелерінің пайдасына төлем карталарын шығарумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том