Қарттар үйі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Белин қаласындағы қарттар үйі

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік мекеме.


Бұрынғы КСРО тұсында қарттар үйі 20 ғ-дың 50 – 60-жылдарында құрылып, ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз азаматтардың тұрмыс деңгейін қолдау мақсатымен жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде қарттар үйі мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қамсыздандыруға алынған адамдардың зейнетақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналары, Қызыл Крест пен Жарты Ай желісі бойынша көрсетілген ізгілік көмек, трансферт, жекеше құрылымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қарттар үйінде тұратын бір адамның айлық шығыны орта есеппен 7500 теңгені құрайды, оның 2500 теңгесі қарияның зейнетақысы есебінен өтеледі. Коммуналдық қызмет көрсетуге, жөндеуге, тамаққа байланысты шығынның көп бөлігі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеледі. ҚР-нда 2002 ж. қарттар үйін ұстауға мемлекеттік бюджет есебінен 20 млрд. теңгедей қаражат жұмсалды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Retirement homes