Құдағи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құдағитуыстық атау.

Ерлі-зайыпты адамдардың әжелері, шешелері, апалары, жеңгелері, екі жақтың жастары шамалас әйелдері бір-біріне құдағи болып саналады. Дәстүрлі қазақ қоғамында құдағилар бір-біріне ризашылығын, татулық-сыйластығын білдіріп, құдағи жүзік сыйлаған. Қос қанатты қомақты жүзіктің астында екі жақтың ынтымағын білдіретін қос саусаққа бірдей тағатын екі сақинасы болады. Құдағи жүзіктің астарлы мәні үлкен. Мысалы, қыздың шешесі құдағиына (жігіттің шешесіне) “Қызыма жақсы қарасын, ақылды, парасатты ене болып, аналық мейірімін төксін” деп сыйлайды. Ал жігіттің шешесі қызға құда түсе келгенде қолына салып келген жүзігін, қыздың шешесімен, яғни болашақ құдағимен алмастырып тақса, ол балаларын үйлендіруге келіскендіктің белгісі саналған. Ауыл адамдары тойдың болатынын құдағилардың жүзік алмасуынан-ақ біліп отырған. Күйеудің, қыздың әжелері үлкен құдағи делінеді. Үлкен құдағи, кіші құдағи деп атау кейде күйеулерінің жасына да байланысты айтылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]