Ұлытау облысы
Қазақстан облысы | |
Ұлытау облысы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облыс орталығы | |
Аудандар саны |
2 |
Ауылдық округтер саны |
28 |
Кенттік әкімдіктер саны |
7 |
Қалалық әкімдіктер саны |
3 |
Ауыл саны |
72 |
Әкімі | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
188,9 мың км² (5- орын) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
221 395[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (76,16%), орыстар (14,29%), украиндар (2,96%), немістер (1,25%), татарлар (1,21%), беларустар (0,59%), корейлер (0,48%), басқа ұлт өкілдері (3,06%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
20 |
Басқалары | |
Әкімдіктің мекенжайы |
Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, №1 |
Ұлытау облысы — 2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс.[3] Әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласы.
Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтты.
![]() |
Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Қасым-Жомарт Тоқаев |
![]() |
Облыс Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес 2022 жылғы 8 маусымда құрылды. Айта кетерлігі, оның аумағы бұрынғы Жезқазған облысының аумағынан кішірек (1997 жылға дейін Шет, Ақтоғай аудандары, Балқаш және Приозерск қалалары да енген).
Әкімшілік-аумақтық құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://178.128.105.246/cars-http-upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d6/%D0%A3%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8C.png/400px-%D0%A3%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8C.png)
Облыс 2 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаладан тұрады:
№ | Әкімшілік бірлік | Аумағы км² (1 қараша 2019)[4] |
Халық саны (1 қаңтар 2022)[5] |
Халық тығыздығы адам/км² |
---|---|---|---|---|
1 | Жаңаарқа ауданы | 62 347,81 | 34 758 | 0,56 |
2 | Ұлытау ауданы | 122 931,05 | 12 351 | 0,10 |
3 | Жезқазған қаласы | 1 760,97 | 91 619 | 52,03 |
4 | Қаражал қаласы | 792,43 | 18 699 | 23,60 |
5 | Сәтбаев қаласы | 1 104,35 | 69 571 | 63,00 |
Барлығы | 188 936,61 | 226 998 | 1,20 |
Әкімдерінің тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Берік Әбдіғалиұлы (11 маусым 2022 жылдан бастап)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2023 жыл басына)
- ↑ Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс құрылды (қаз.).
- ↑ Ұлытау облысының картасы(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ 2022 жылдың басына қарай Қарағанды облысының халық саны Мұрағатталған 4 мамырдың 2022 жылы.
|