Bombardier Q Series

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Bombardier Q Series
Air Canada Express (Jazz) әуе компаниясының Q400 ұшағы
Air Canada Express (Jazz) әуе компаниясының Q400 ұшағы
Түрі

турбовинтті жергіліті жолаушы ұшағы

Өндірушісі

de Havilland Canada
Bombardier Aerospace

Мемлекеті

Канада

Алғашқы ұшуы

1983 жыл 20 маусым

Қолданысқа енгізілуі

1984 жыл

Статусы

Қолданыста, өндірілуде

Негізгі эксплуатанттары

Jazz
Horizon Air

Басқа эксплуатанттары

Flybe
QantasLink

Өндіріс жылдары

1983 - қазірге дейін

Өндірілген бірліктері

1158 (2015 жыл 31 наурыз)

Бірлігінің құны

100 US$13 million
Q200 US$13 million
Q300 US$17 million
Q400 US$35 million

Базалық моделі

de Havilland Canada Dash 7

Bombardier Q Series Ортаққорда


Bombardier Q сериясы (ағылш. Bombardier Q Series) немесе де Хэвиленд Канада Дэш 8 (ағылш. de Havilland Canada Dash 8) (сонымен қатар DHC-8 белгіленуі қолданылады) — 1984 жылы de Havilland Canada (DHC) компаниясы жасап шығарған екі моторлы орта қашықтыққа ұшуға арнлаған турбовинтті ұшақ. Қазіргі таңда ұшақ құрылысын DHC-ді Боингтен 1992 жылы сатып алған Bombardier Aerospace фирмасы жүзеге асыруда. 1996 жылдан бастап ұшақ ағылшынның «тыныш» (ағылш. quiet) сөзінен алынған Q — сериясы деген атауға ие. Барлығы 1000-нан аса ұшақ өндірілді. Bombardier концерні 2016 жылға дейін 1192 дана Dash 8 сериялы ұшағын өндірмекші.[1]

SAS әуе компаниясының Q400 ұшағы мұзға қарсы сұйықтықпен өңделуде, Växjö әуежайы, Швеция
DHC-8-100
37-40 орынды жергілікті жолаушы ұшағының бірінші нұсқасы. Қолданысқа 1984 жылы енгізілді. Алғашқы даналары PW120A қозғалтқышымен (1985 жылы 13 желтоқсанда CAA сертификатын алды), ал кейінгілері — қуаты 1800 ат күші (1343 кВт) PW121 қозғалтқышымен (1990 жылы 22 ақпанда CAA сертификаты алды) жабдықталды.
DHC-8M-100
Канада көлік авиациясына арналған екі ұшақ.
CC-142
Еуропадағы Канада ӘӘК-не арналған әскери-тасымалдаушы нұсқасы.
CT-142
Канада ӘӘК штурмандарын оқытуға арналған оқу-жаттығу нұсқасы.
E-9A
АҚШ ӘӘК патрульдік ұшағы, Мексика шығанағындағы оқужаттығу жүмыстарын қамтамасыз етуге арналған.
DHC-8-200
100 сериясына ұқсас, тек қуаты 2150 а.к. (1604 кВт) болатын Pratt & Whitney Canada PW123 қозғалтқыштарымен жабдықталған, 37-39 жолаушы тасымалдауға арналған.
Q200
Белсенді шу бәсеңдету жүйесімен (Active Noise and Vibration Suppression (ANVS) system) жабдықталған DHC-8-200 ұшағы.
DHC-8-300
3,43 м-ге ұзартылған, 50-56 орынды жергілікті жолаушы ұшағы, қолданысқа 1989 жылы енгізілді. Қуаты 2500 а.к. (1865 кВт) болатын PW123, PW123B немесе PW123E қозғалтқыштарымен жабдықалған.
DHC-8-300A
пайдалы жүктемесі үлкейтілген DHC-8-300 нұсқасы.
Q300
Белсенді шу бәсеңдету жүйесі орнатылған (ANVS) DHC-8-300 нұсқасы.
Bombardier Q400 ұшуға дайындық үстінде, Сплит аэродромы
Q400
70-78 орынды үлкейтілген нұсқасы. Қолданысқа 2000 жылы енгізілді. Крейсерлік жылдамдығы бұрығы нұсқаларға қарағанда 140 км/сағ-қа көбейтіліп, 667 км/сағ-қа жетті. Ұшақ максималды қуаты 5071 а.к. (3789 кВт) (крейсерлік қуаты 4850 а.к. (3618 кВт)) PW150A қозғалтқышымен жабдықталған. Стандарттық ұшақтың ұшу биіктігі 7600 м құрады, ал жолаушыларға арналған апатты оттегі маскалары бар ұшақтарда 8200 м. Q400 нұсқасының барлық ұшақтары белсенді шу бәсеңдету жүйесімен (ANVS) жабдықталған.
Q400 NextGen
салоны, жарық құрылғылары, иллюминаторлары мен жоғарғы жүк салғыштары жақсартылған және жанармай шығыны мен қызмет көрсету құны азайтылған Q400 нұсқасы.
Q400-MR
Француз ӘӘК-не арналған теңіз бомбылаушы нұсқасы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]