Рома (футбол клубы)
Рома | |||
Толық атауы |
Associazione Sportiva Roma SpA | ||
---|---|---|---|
Лақап аттары |
"қасқырлар", "римдіктер" | ||
Құрылған жылы | |||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы |
72 700 | ||
Бас жаттықтырушы | |||
Капитаны | |||
Жарыс | |||
2020/21 |
7-орын | ||
Формасы | |||
| |||
2018/19 | |||
Рома (итал. Associazione Sportiva Roma) — Италиялық футбол командаcы. Рим қаласынан. Италия "А" сериясында үзіліссіз ойнап келе жатқан клуб. Клуб 1927 жылы құрылған[1]. Тек екі маусым ғана (1929/30, 1951/52) В сериясында ойнаған. Еуропа Клубтар қауымдастығының мүшесі.Үйдегі ойындарын Римдегі Олимпиадалық стадионда өткізеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1927 жылы «Роман ФК», «Альба-Аудаче» и «Фортитудо-Про Рома» атты команданың бірігуінен жасақталған. Команданы жасақтаушы әрі президенті сол кездегі фашистік биліктің өкілі — Итало Фоски болды. Клуб аса күшті болмаса да, елдегі мықты деген командаларға әжептәуір қарсылық танытып жүрді. 1930/31 жылғы маусымда команда "Ювентустен" кейін екінші боп мәреге жетті. 34 матчта 87 гол соғып, бұл рекорд тек 2015/16 маусымда ғана жаңарды (бірақ 34 емес, 36 матчта).
Команда тек 1941/42 жылғы маусымда ғана Италия чемпионы атанды. Бірақ кейін соғыстан кейінгі жылдары команданың халі нашарлап кетті де, 1951 жылы В сериясына түсіп қалды. Келесі жылы қайта элитаға оралды. 1954/55 жылғы маусымда екінші орынға табан тіреді. 1961 жылы клуб алғашқы халықаралық жүлдесін ұтты — Жәрмеңкелер кубогында топ жарды.
Клуб 80-жылдары ғана күшейе алды. 1981/82 жж маусымда екінші орынға тұрақтады, келесі жылы үшінші орынды иеленді. Ал 1982/83 жылғы маусымда екінші рет Италия чемпи��ны атанды.
Клуб 1991 жылы Кубок Иелерінің кубогын ұтып алды. 2001 жылы үшінші рет Италия чемпионы атанды.
2022 жылы УЕФА конференциялары лигасының тұңғыш жеңімпазы атанды.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Италия чемпионы (3) — 1941/42; 1982/83; 2000/01
- Италия кубогы (9) — 1963/64, 1968/69,1979/80, 1980/81, 1983/84, 1985/86, 1990/91, 2006/07, 2007/08
- Италия суперкубогы (2) — 2001, 2007
Халықаралық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жәрмеңкелер кубогы (1) — 1961
- Кубок иелерінің кубогы (1) — 1991
- УЕФА конференциялары лигасы (1) — 2022
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|