Ұңғыма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мұнай және газ айдау ұңғымасы

Ұңғыматау жыныстарында немесе пайдалы қазбаларда механикалық немесе өзге әдістермен бұрғыланған тау-кен қазындысы. Тереңдігі 5 м-ден асатын, диаметрі 75 мм-ден жоғары цилиндр пішінді болып келеді. Ұңғыманың кіреберісін ауызы, ал түбін үңгубет деп атайды. Кен орнын игеру барысында ұңғыма өзінің атқаратын қызметіне қарай үлкен үш топқа бөлінеді: барлау, пайдалану және қопару ұңғымалары.[1]

  • Барлау ұңғымасы — пайдалы қазбаларды іздеу, оның қоры мен сапасын және орналасу жағдайын анықтау үшін қазылады. Кеніштерде кен орнын қазу барысында барлау ұңғымасының көмегімен оның жекелеген бөліктерінің геологиялық құрылысының кейбір тұстарын нақтылап, кен орнын дұрыс пайдалану үшін егжей-тегжейлі танысады. Барлау ұңғымалары керн (жынысөзек) алу мақсатымен айналмалы бұрғылау әдісімен бұрғыланады.
  • Пайдалану ұңғымасысұйық (мұнай, минералды суларды) және газ тәрізді кендерді өндіру үшін қолданылады.
  • Қопару (аттыру) ұңғымасы — ішіне жарылғыш заттар орналастыру үшін қолданылады. Оның диаметрі әдетте кеніштегі бұрғылау жабдықтарының түріне байланысты. Бұрғылау жабдықтары кен массивінің физика-механикалық қасиеттеріне, оның қажетті дәрежеде ұсақталуына және жарылғыш заттардың қасиеттеріне сәйкес таңдалады. Ұңғымалардың бір-бірінен арақашықтығы және өзара орналасу сұлбалары арнайы есептеулермен анықталып, барлау жұмыстарының құжатында көрсетіледі. Басқа да жұмыстарда қолданылатын көмекші ұңғыма түрлері де бар.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2