Гипергенез

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гипергенез [1]Жер қыртысының беткі жақтарында және оның үстінде тау жыныстары мен минералдардың физикалық және химиялық қайта түзілу процестерінің жиынтығы. Гипергенез атмосфераның, гидросфераның және тірі организмдердің әсерінен 80°С-тан жоғары емес температурада жүреді. Гипергенез процестері үгілу қыртысының, топырақтың, хемогендік және биогендік шөкпелердің түзілуіне әсер етеді, жер үсті және жер асты суларының құрамын қалыптастырады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6