Манганит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Manganite

Manganite, Ilfeld, Thuringia, Germany (size: 5.2×4.1×2.7 cm)
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы MnO(OH)
Strunz classification 04.FD.15
Dana classification 06.01.03.01
Crystal symmetry Monoclinic 2/m prismatic
Unit cell a = 8.94 Å, b = 5.28 Å, c = 5.74 Å; β = 90°; Z = 8
Ерекшеліктері
Түсі Dark steel-gray to black, reddish brown in transmitted light, gray-white with brownish tint, with blood-red internal reflections in reflected light
Кристал пішіні Slender prismatic crystals, massive to fibrous
Сингониясы Monoclinic, pseudo-orthorhombic
Twinning Contact and penetration twins on {011}
Үгітіндісі {010} perfect, {110} and {001} good
Агреттары Uneven
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 4
Streak Reddish brown to nearly black
Diaphaneity Opaque, transparent on thin edges
Үлес салмағы 4.29–4.34
Оптикалық сипаты Biaxial (+)
Refractive index nα = 2.250(2)
nβ = 2.250(2)
nγ = 2.530(2)
Birefringence δ = 0.280, Bireflectance: distinct in grays
Pleochroism Faint
2V angle Small
Dispersion Very strong
Дереккөздер [1][2][3][4][5]

Манганит — МnO2 -Мn(ОН)2 . Мұнда екі және төрт валенттік марганец аралас екені анықталған. Химиялық құрамы: МnО 40,4%, МnO2 49,4%, Н2 0 10,2%. Қоспалары: SiO2 , Аl2O3, СаО, В2O . Қаттылығы 3—4, меншікті салмағы 4,3 Жылтыр қара, сызығы қоңыр қара. Жымдастығы бір бағытында (010) едәуір жақсы білінеді.

Сингониясы моноклиндік. Оптикалық мөлдір емес, Ng= 2,53,Nm=Np= 2,24.

Кристалдық құрылысы әлі шешіліп білінбеген. Кристалдық бейнесі призмалық , бағана тәрізді. Жақтары тік бағытта штрих сызықпен түрленген. Кристалдарының гидротермалық кеңдерде друзалар, бағана тәрізді түрлері жиі кездеседі. Шөгінді кендерде жұқа кристалл агрегаттары кең тараған. Сондай-ақ олар оолиттік, сирек те болса іркінді формаларда байқалады.

Жаратылысы. Дұрысында манганит оттегінің біршама жеткіліксіз жагдайында пайда болады. Ол гидротермалық кендерінде минералдардың соңғы құралу қатарында баритпен, кальцитпен бірге кездеседі.

Манганит шөгінді кендерде исиломелан-пиролюзиттік рудалардың (төрт валенттік марганец қоспаларының) және екі валентті марганец карбонат рудаларының арасында аралық орын алып, оолиттіц және тұтас массалардың түрінде көп мөлшерде кездеседі. Сонымеи қатар ондай оолиттердің арасында кварц немесе өзге бір заттың кесегі болса, оның сыртынан қабат-қабат болып манганит қоршап жатады.

Балшықта сазды жерлерде кейде «сферосидериттерге» ұқсас радиал-сәулелі құрылысы бар, жалбыршақ түрінде кездеседі.

Манганит тоттану зоналарында түрақсыз. Оңай өзгеріп жасырын кристалды сусыз тотыққа (МnO2 ) ауысады, яғни барлық марганец тотықтанып төрт валенттенеді. Сондықтан лимонит қақпа сияқты марганец қақпақтарда манганит көп кездеспейді. Манганит псиломелан-пиролюзит сияқты рудалық минерал.

Кендері. КСРО-да ірі массаларда манганит Чиатура (Грузия) кенінде оолиттік руданың қоңыр түсті түрінде кездеседі. Сонымен қатар қара түсті шар тәрізді конкрециялар Никополь кенінде (Украинада) кең таралған.

Ірі гидротермалық кендер Германиядағы Гарцта (Ильфельд кені), Тюрингияда (Ильменау кені), Швециядағы Вермланда (Лонгбан кені) және басқа жерлерде бар.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Handbook of Mineralogy
  2. Mindat
  3. Webmineral data
  4. Klein, Cornelis and Cornelius S. Hurbut, Jr., Manual of Mineralogy, Wiley, 20th ed., 1985, p. 317 ISBN 0-471-80580-7
  5. T. P. Moore, Famous Mineral Localities: Ilfeld, Harz Mountains, Thuringia, Germany, The Mineralogical Record, vol. 41, no. 6, 2010.
  6. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69