Нейтрон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нейтрон

Нейтрон (ағылшынның neutron, латынның neuter – ол да емес, басқа да емес), (n) – спині 1/2 және массасы протон массасынан аз ғана артық, электрлік бейтарап тін; адрондар класына жататын бариондар тобына енетін бөлшек. Еркін күйдегі Нейтрон – орнықсыз бөлшек, оның орташа өмір сүру уақыты 15,3 мин. Протондар мен Нейтрондардан барлық атом ядролары құралады. Нейтронды ағылшын физигі Дж.Чедвик ашты (1932). Негізгі сипаттамалары: массасы mn 1,67410–24кг 1840me (me – электрон массасы); Q=0; бариондық заряды В=+1; лептондық заряды L=0; ғажайыптылығы S=0, әрі оның ішкі жұптылығы оң болады. Нейтрон ядролық энергетикада, трансурандық элементтер мен изотоптар өндірісінде, сондай-ақ, химиялық талдауда және геологиялық барлауда пайдаланылады. [1]

Түрлері

  • Жылулық нейтрондар – кинетикалық энергиясы 510–3 эВ-тен 0,5 эВ-ке дейін болатын нейтрондар. Олар нейтрондарды баяулатқыш орта атомдарымен жылулық тепе-теңдікке дейін баяулату арқылы алынады.
  • Аралық нейтрондар -кинетикалық энергиясы 10-100 кэВ нейтрондар.

Нейтрон ғұмыры рекордтық дәлдікте өлшенді

Лос-Аламос ұлттық зертханасының UCNτ коллаборациясы физиктері нейтронның атом ядросынан тыс өмір сүру ұзақтығын мүмкіндігінше дәл өлшейтін эксперимент жасады. Протон, электрон және антинейтриноға ыдырап кеткенге дейін еркін нейтрон 877,75 ± 0,28 секунд (14 минут 38 секунд) өмір сүреді екен. Бұл деректер Әлемдегі материяның пайда болуын түсінуге көмектеседі. Жойқы�� жарылыстан соң, әлемді толтырып тұрған ыстық супертығыз материя кварктар мен электрондарға дейін суыды. Секундтың миллиондық бөліктері өте, кварктар протондар мен нейтрондарға бірікті. Санаулы минуттан соң протон-нейтрон сорпасынан алғашқы атом ядролары түзіле бастады.[2]

Сілтемелер

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Физика және Ғарыш https://www.facebook.com/photo/?fbid=375234714392323&set=a.194976562418140