Радиоактивті залалдану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Радиоактивті залалдануядролық жарылыстың зақымдаушы факторы. Ядролық жарылыс кезінде радиоактивтік бұлт пайда болады. Ол кейде 30 км биіктікке дейін көтеріліп, желдің бағытымен тарала бастайды. Радиоактивтік бұлттан ауаға, жерге, су көздеріне радиоактивтік шаң түседі.

Радиоактивті залалдану аймағының көлемі ядролық қарудын, қуатына, желдің жылдамдығына байланысты. Мысалы, бір мегатонна ядролық қару жарылған кезде, желдің жылдамдығы 50 км/сағ. болса, зақымданған жер көлемі 11,5 мың шаршы километр шегінде болады.

Радиоактивтік шөгінділердің басым бөлігі жарылыс болған жерге жақын түседі. Бұлттан түсетін радиоактивтік заттардың зақымдағыш күші бірнеше күнге, аптаға, тіпті бірнеше айларға дейін сақталады. Бірақ оның залалдау дәрежесі барған сайын азая береді. Мысалы, ядролық жарылыс болғаннан кейін бір сағаттан соң 40 рентген, 5 сағаттан соң 20 рентген, 10 сағаттан соң 6 рентген, 1 тәуліктен соң 2 рентген, 2 тәуліктен соң 1 рентген болады. Егер адам ашық жерде калатын болса, сәулені толық кабылдайды. Бір қабатты ағаш үй ішіндегі адамдар бұл дозаны 2 есе, ашық ордағы адамдар 3 есе, өндірістік үйлер мен ағаш үйдің астыңғы кабатындағылар 7 есе, тас үйдегі адамдар 10 есе, төбесі жабық ордағы, жұрт паналайтын арнаулы орындар мен тас үйдің астыңғы кабатындағылар 40-100 және одан да көп есе кем кабылдайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001