Уолтер Нормен Хоуорс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нормен Хоуорс

Уолтер Нормен Хоуорс(басқаща:Гэворт)(19.03.1883,Чорил - 19.03.1950,Бирмингем) - ағылшын химик - органигі және биохимигі. Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1928).

Өмірі мен зерттеулері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Геттинген университетін бітірген(философия ғылымының докторы,1910).Манчестер университетінде ғылым докторы (1911). 1912 жылдан Сент - Эндрюс университетінің, 1920 жылдан Ньюкаслдегі Армстронг - колледжінің, 1925-48 жылы Бирмингем университетінің профессоры. Хоуорстың негізгі еңбектері көмірсутектер химиясына арналған. Полисахаридтердің химиялық құрылысын зерттеген. Моносахаридтердің кеңістіктегі циклдік формулаларын ұсынды. Аскорбин қышқылын (С витамині) синтез жолымен алушылардың бірі (1933). "Конформация" терминінің авторы. Хоуорс 2 - дүниежүзілік соғыс кезінде уран изотоптарын бөлу жұмысымен айналысты.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нобель сыйлығының лауреаты (1937,П.Каррермен бірге).

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 42 бет