Нивхтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нивхтар
нивхылар, гиляктар
Бүкіл халықтың саны

4 600

Ең көп таралған аймақтар

 Ресей

Тілдері

нивх тілі

Діні

дəстүрлі наным-сенімдер

Нивхтар (нивхылар, гиляктар (өз атаулары – «адам») – Ресей Федерациясындағы халық. Хабаров өлкесін, Амур өзенінің төменгі ағысы мен Сахалин аралын мекендейді. Жалпы саны – 4,6 мың (2000). Үлкен моңғолоид нәсілінің солтүстіказиялық типіне жатады.

Нивх тілі (еск. гиляк тілі) палеоазиялық тілдер семьясының оқшауланған тілі. Нивхтерге арналған жазу КСРО-да тілдік жүйені құру жылдарында (1932 ж.) латын графикасында құрылды, 1953 жылдан бастап орыс (кириллица) графикалық негізіне аударылды. Нивх тілі үш диалектімен ұсынылған: амур, солтүстік сахалин және шығыс сахалин. Нивх тілінде сөйлейді, орыс тілі де дамыған.[1]

Ресми түрде православиеліктер болып саналғанмен дəстүрлі наным-сенімдері (табиғатқа, аюға табыну, шамандық т.б.) сақталған.

Дәстүрлі киімдері

Нивхтар Сахалин мен Амур өзенінің төменгі ағысын мекендеген ежелгі тайпалардың тікелей ұрпақтары. Негізгі нұсқа бойынша, халықтың ежелгі ата-бабалары аймақты 12 000 жылдан астам уақыт бұрын плейстоценнің соңғы кезеңінде қоныстанған. Нивхтардың арал және материк болып бөлінуі аралдың Азия материгімен құрлық арқылы жалғасқан кездегі Сахалинді халықтың ата-бабалары қоныстандырған кезімен түсіндіріледі. Мұз дәуірі мұхиттағы су деңгейінің көтерілуіне себеп болды, бұл территориялар мен халықты бөлетін Татар бұғазының пайда болуына әкелді. Нивхтер туралы алғашқы деректер біздің заманымыздың 7 ғасырындағы қытай жазбаларынан табылады. Олар Қытайдағы моңғол Юань әулетімен байланыста болған гилами тайпасы туралы айтады. Орыс казак зерттеушілері бұл халықпен алғаш рет 17 ғасырдың ортасында кездесті. Бір ғасырдан кейін төменгі Амурды орыс шаруалары, саудагерлер белсенді игере бастады. 1858-1860 жылдары Ресей империясы нивх жерлерін мемлекет құрамына енгізді.[2]

Дәстүрлі кәсіптері – балық және теңіз жануарларын (итбалық, т.б.) аулау. Балықты тамаққа пайдаланып, терісінен аяқ киім мен киім тігеді. Қосымша кәсіптері – терімшілік (жидек, өсімдік тамырларын, теңіз жағалауынан моллюскілер, ұлулар, шөптер жинау). Ит өсіріп, етін тамаққа, терісін киім тігуге, сондай-ақ көлік, айырбас құралы ретінде пайдаланады. Ағаштан шаңғы, қайық, итшана, ыдыс-аяқ жасау, қайың қабығынан төсеніштер, себеттер тоқу, ұсталық өнер, сүйек, тері өңдеу сияқты қолөнер түрлері дамыған. Елді мекендері әдетте өзен және теңіз жағалауларында салынады. Қыста жерден 1 – 1,5 м тереңдікте, төртбұрышты етіп қазылған, төбесі домалақ шатырмен жабылған жертөлелерде тұрса, жаздық тұрғын үйлері ағаш сырға-уылдардан салынады.

Нивхтердің дәстүрлі мәдениетін қастерлеумен және тайпалық культтермен байланысты дамыған салт-дәстүрлер жүйесіне негізделген. Нивхтардың пікірінше, ғаламның моделі адамдар өмір сүретін орта әлемді, сонымен қатар жоғарғы, төменгі, тау және су әлемдерін қамтиды. Оларда рухтар – әр түрлі табиғи элементтердің иелері (таулар мен тайгалардың иесі Пал ызн, теңіз иесі Тол ызн, от иесі Тугрш ытик), жын-шайтан тіршілік иелері (жақсылық пен зұлымдық) мекендеген. Нивхтардың вокалдық және аспаптық музыкасы олардың наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Ғаламның басқа салаларымен байланысу үшін нивхтерде кодтар мен медиаторлардың дамыған жүйесі болды. Оның негізгі құралдары ерекше түрде айтылатын сөздер, дыбыстық және музыкалық сигналдар, сиқырлы мағынаға ие болған хореографиялық қозғалыстар болды.
Тынрын — нивхтардың жалғыз ішекті музыкалық аспабы. Оның атауы аспап дыбысына байланысты шыққан – «тын», «рын». Тынрында екі немесе үш дыбыс бір уақытта естілуі мүмкін.

Дәстүрлі нивх костюмі қарапайымдылығымен ерекшеленді және ерлер мен әйелдерде ұқсас болды. Олар балықтан, итбалықтан, ит терісінен тігілген қысқа шалбар, бағалы тері аяқ киген. Үстіне азиялық шапан киген. Қысқы халаттарының сыртынан ит терісінен тігілген тон, күртеше киді, оның сыртынан қысқа кеудеше киді. Ауқатты отбасыларда сілеусін мен түлкі терісінен тон тіккен. Жылылық үшін ерлер итбалық терісінен жасалған белдемше киген. Бас киімдері – тері құлақшын, жазда матадан немесе қайың қабығынан жасалған конус тәріздес қалпақ.
Негізгі тағамдары – балық, орман аңдары мен теңіз жануарларының еті, жидектер, моллюскілер мен жеуге жарамды шөптер.[3]

Қазақстандағы нивхтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нивхтар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың орта шенінен бастап бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы нивхтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 4 адам.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 340-бет ISBN 978-601-7472-88-7
  2. https://travelask.ru/articles/nivhi-potomki-pervyh-lyudey Анна Шихова. Нивхи — потомки первых людей
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
  4. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 154-бет. ISBN 978-601-287-224-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Nivkhs