Теодор Кернер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Теодор Кернер (1873 жыл 24 сәуір, Комарно, Словакия - 1957 жыл 4 қаңтар, Вена) - Австрия мемлекет қайраткері.

Әскери-техникалық академияны бітірді. 1924 жылы генерал шенінде әскери қызметті тастады; сол жылы социал-демократиялық партияға кірді. 1925-1934 жылдары федералдық кеңестің (парламенттің жоғарғы палатасы) депутаты және төрағасы. 1951-1957 жылдары Австрияның президенті болып, Австрияның ұдайы бейтараптық позиция ұстауын және КСРО-мен тату көршілік қатынасты дамытуды жақтады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том