Молибденит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Molybdenite

Euhedral molybdenite on quartz, Molly Hill mine, Quebec, Canada. The large crystal is 15mm across
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы MoS2
Strunz classification 02.EA.30
Ерекшеліктері
Түсі Black, lead-silvery gray
Кристал пішіні Thin, platy hexagonal crystals terminated by pinacoidal faces, also as tapering six-sided pyramids that can be truncated by the pinacoids. Also massive, lamellar and in small grains in sulfide ore bodies
Сингониясы Hexagonal; 6/m 2/m 2/m
Үгітіндісі [0001] Perfect
Агреттары flaky
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 1 - 1.5
Streak bluish - gray
Diaphaneity Opaque
Үлес салмағы 4.73
Fusibility Infusible (1185 °C decomp)
Басқа сипаттамалары Thin cleavage sheets and crystals are flexible, but not elastic. It has a greasy feel and leaves marks on fingers
Молибденит кристалдық құрылымы
A sample of molybdenite mineral less pure than the single-crystal specimen at right.

Молибденит, молибден жылтыры (грек. molуbdos – қорғасын, сырт пішіні қорғасын секілді). Химиялық формуласы: МоS2; – сульфидтер класының минералы. Құрамында – 60%-ға дейін Мо, 40% S болады, сонымен қатар Se, Re және басқа қоспалар жиі кездеседі. Гексагондық сингонияда кристалданады. Табиғитта Молибденит қабыршақты, жапырақты агрегаттар, сферолиттер түзеді. Молибдениттің кристалдарында пинакоид, призма, пирамида сияқты қарапайым пішіндер жиі кездеседі. Түсі қорғасын тәрізді сұр, металша жылтырайды, қатт. Моос шкаласы бойынша 1 – 1,5, серпімді, майысқақ, қолға жұғады, талшықтары оңай бөлінеді, жымдастығы бір бағытта жетілген, аз мөлшерде электр тогын өткізеді; тығызд. 4,7 – 5,0 г/см3. Қышқыл интрузияларда, грейзендерде, мусковит, касситерит, арсенопиритпен бірге ұшырайды. Молибденитті бейполюстік көмірсутектерін пайдаланып кендерден флотация әдісімен алады. Молибденит – молибден кендерінің басты минералы. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Солтүстік Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Көктің көлінде молибден және мыс-молибден кендерінің қоры бар.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 6 том.